«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 124-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 қазанда № 21471 болып тіркелді
Редакция 15.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 16 қазаны № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына 1-қосымша
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары
1. Осы Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 124-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі - ЖТМК) түрлерін, сондай-ақ ЖТМК түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің (бұдан әрі – ММК) көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарын айқындау тәртібін белгілейді.
Өлшемшарттың әрқайсысына салмақтық коэффициент, өлшемшарт шкаласы, мәні мен балл беріледі.
ЖТМК тізбесіне 7-10 балл жинаған технологиялар енгізіледі.
3. ЖТМК түрлерін ММК қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары өзіне мыналарды қамтиды:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.12.2023 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
технологиялардың республикалық деңгейден өңірлік деңгейге трансферт деңгейі (облыстық және қалалық маңызы бар, оның ішінде жекеменшік клиникалар) географиялық тұрғыдан қағидаты (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс және орталық өңірлер) бойынша 5 (бес) және одан көп өңірлерде 75 %-дан жоғары;
шығын сыйымдылығы – Кодекстің 124-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесіне кіретін барлық қызметтердің орташа арифметикалық құнынан төмен қызмет құны;
сирек - 100 000 адамға шаққанда жылына 1 реттен артық емес қызмет көрсету;
қайтыс болу жағдайлары мен асқынулардың үлес салмағы орташа жылдық 10 % мәннен төмен.
4. Өлшемшарттар жиынтықта қаралады, бұл ретте 4 өлшемшартқа сәйкес келетін технологиялар алып тасталады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.12.2023 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарын айқындау қағидаларына 1-қосымша
Жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлерін айқындау өлшемшарттары
№ |
Өлшемшарт |
Салмақтық коэффициент |
Өлшемшарт шкаласы |
Мәні |
Өлшемшарт баллы |
1 |
Инновациялылық (жаңалық) |
0,2 |
Технология әлемде 5 жылдан аз уақыт пайдаланылады |
10 |
2 |
Технология әлемде 5-10 жылдан бері пайдаланылады |
7,5 |
1,5 |
|||
Технология әлемде 10 жылдан астам уақыт бойы пайдалануда |
2,5 |
0,5 |
|||
Технология әлемде 15 жылдан астам уақыт бойы пайдалануда |
0 |
0 |
|||
2 |
Ресурс сыйымдылығы |
0,4 |
Технологияны пайдалану қымбат бағалы дәрі-дәрмек құралдарын, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы, елеулі еңбек және уақыт шығынын қажет етеді |
10 |
4 |
Технологияны пайдалану қымбат қымбат бағалы дәрі-дәрмек құралдарын, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы қажет етеді |
7,5 |
3 |
|||
Технологияны пайдалану елеулі еңбек және уақыт шығынын қажет етеді |
2,5 |
1 |
|||
Технологияны пайдалану пайдалану қымбат бағалы дәрі-дәрмек құралдарын, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы қажет етеді, елеулі еңбек және уақыт шығынын қажет етпейді. |
0 |
0 |
|||
3 |
Бірегейлігі |
0,4 |
Технологияның аналогтары және (немесе) Қазақстандағы балама емдеу әдістері жоқ |
10 |
4 |
Технология тиімділігі бойынша Қазақстандағы аналогтардан және (немесе) емдеудің балама әдістерінен артық |
7,5 |
3 |
|||
Технология тиімділігі бойынша Қазақстандағы аналогтарға және (немесе) баламалы емдеу әдістеріне теңеледі |
2,5 |
1 |
|||
Технология тиімділігі бойынша Қазақстандағы аналогтардан және (немесе) баламалы емдеу әдістерінен төмен |
0 |
0 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.07.2021 жылғы № ҚР ДСМ - 65 Бұйрығына сәйкес (16.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.12.2021 жылғы № ҚР ДСМ -141 Бұйрығына сәйкес (27.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.12.2023 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі
№ |
Жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтің коды |
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрінің атауы |
1 |
00.50 |
Бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды жалпы жүйенің дефибрилляторына жанаспай имплантаттау (CRT-P) |
2 |
00.51 |
Бивентрикулярлық дефибрилляторды жалпы жүйені имплантаттау (CRT-D) |
3 |
00.65 |
Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы имплантаттау |
4 |
00.93 |
Трансплантаттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тіндерді алу |
5 |
01.53 |
Эпилепсия кезінде бас миының лобэктомиясы |
6 |
02.93 |
Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру |
7 |
03.7992 |
Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция |
8 |
03.7993 |
Стереотаксиялық жүйені қолданумен бас миының нейростимуляторын имплантаттау |
9 |
03.93 |
Жұлынның нейростимуляторының электродын (электродтарын) имплантаттау немесе ауыстыру |
10 |
20.95 |
Электромагниттік есту аппаратын импланттау |
11 |
33.5 |
Өкпені трансплантаттау |
12 |
33.6 |
«Жүрек – өкпе» кешенін аралас трансплантаттау |
13 |
35.05 |
Қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру |
14 |
35.11 |
Ауыстырмай қолқа қақпақшаның ашық вальвулопластикасы |
15 |
35.12 |
Ауыстырмай митральды қақпақшаның ашық вальвулопластикасы |
16 |
35.121 |
Митраль қақпақша стенозының баллондық вальвулопластикасы |
17 |
35.14 |
Ауыстырмай үшжармалы қақпақшаның ашық вальвулопластикасы |
18 |
35.21 |
Қолқа қақпақшасын тін трансплантаттымен ашық және басқа ауыстыруы |
19 |
35.23 |
Тін трансплантаттымен митралдық қақпақшаны ашық және басқа ауыстыруы |
20 |
35.33 |
Аннулопластика |
21 |
35.55 |
Протездеу арқылы қарыншааралық қалқаншаның ақауын жою |
22 |
35.82 |
Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру |
23 |
35.83 |
Артериялық діңді толық қалпына келтіру |
24 |
35.84 |
Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру |
25 |
35.91 |
Венадан ағудың жүрекшеаралық транспозициясы |
26 |
35.9900 |
Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу |
27 |
35.991 |
Митралдық қақпақшаны клиптеу |
28 |
36.1000 |
Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып аортокоронарлық шунттау |
29 |
36.16 |
Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау |
30 |
37.32 |
Жүрек аневризмасын тілу |
31 |
37.35 |
Парциалдық вентрикулоэктомия |
32 |
37.36 |
Жүрекшенің сол жақ құлақшасын тілу, деструкциялау немесе алып тастау |
33 |
37.51 |
Жүректі трансплантаттау |
34 |
37.66 |
Имплантат жасалатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу |
35 |
37.76 |
Трансвеналық атриялық және (немесе) вентрикулярлық электродты (электродтарды) ауыстыру |
36 |
37.94 |
Автоматты кардиовертерді және (немесе) дефибрилляторды имплантаттау |
37 |
37.941 |
Автоматты кардиовертерді және (немесе) дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру |
38 |
37.96 |
Автоматты кардиовертердің және (немесе) дефибриллятордың тек импульстарының генераторын имплантаттау |
39 |
38.12 |
Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартерэктомиясы |
40 |
38.34 |
Анастомозбен қолқаның резекциясы |
41 |
38.341 |
Қолқа доғасының үзілісін түзету |
42 |
39.28 |
Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау |
43 |
39.591 |
Қолқа-өкпе саңылауының пластикасы |
44 |
39.65 |
Экстракорпоралдық мембранды оксигенация |
45 |
39.72 |
Бас және мойын тамырларының эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау |
46 |
39.73 |
Кеуде қолқасын протездік эндоваскулярлық имплантантаттау |
47 |
39.731 |
Қолқа коарктациясын стенттеу |
48 |
41.01 |
Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын трансплантаттау |
49 |
41.04 |
Аутологиялық гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз трансплантаттау |
50 |
41.05 |
Аллогендік гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз трансплантаттау |
51 |
41.06 |
Кіндік дің жасушаларын трансплантаттау |
52 |
41.10 |
Феталдық дің жасушаларды транспланттау |
53 |
50.52 |
Қайтыс болғаннан кейін донордан бауырды трансплантаттау |
54 |
50.59 |
Бауырды басқа трансплантаттау |
55 |
52.53 |
Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия |
56 |
52.80 |
Ұйқыбезін трансплантаттау, анықталмаған |
57 |
54.970.059 |
Перитонеалды канцераматоз үшін гипертермиялық интраперитонеалды химиотерапия (HIPEC) |
58 |
55.5016 |
Тромбэктомиямен радикалды нефрэктомия |
59 |
55.62 |
Қайтыс болғаннан кейін донордан бүйректі трансплантаттау |
60 |
56.7404 |
Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар Политано-Летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия |
61 |
63.8301 |
Обструктивті азооспермия кезіндегі микрохирургиялық инвагинациялау вазоэпидидимостомия |
62 |
69.921 |
Қалыпты экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзақ хаттама |
63 |
69.922 |
Қалыпты экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама |
64 |
69.923 |
АЖСИИ (ұрық жасушасын сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып, экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама |
65 |
69.924 |
АЖСИИ (ұрық жасушасын сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама |
66 |
78.191 |
Кезеңдік түзетуді талап ететін жамбас сүйектерінде сыртқы бекітуші құрылғыны қолдану |
67 |
81.041 |
Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждерді бекітумен алдыңғы жағынан қолжетімді кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі |
68 |
81.042 |
Эндокорректор ішкі бекітумен алдыңғы жағынан қолжетімді кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі |
69 |
81.062 |
Эндокорректорды ішкі бекітумен алдынғы жағынан қолжетімді бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі |
70 |
81.073 |
Бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйірден көлденең жағынан қолжетімді, дискіні протездеу |
71 |
81.53 |
Сан-жамбас буынының ауыстыруын тексеру, анықталмаған |
72 |
81.55 |
Тізе буынының ауыстыруын тексеру, анықталмаған |
73 |
81.9610 |
Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру |
74 |
86.310.058 |
Электрохимиотерапия |
75 |
86.66 |
Терінің аллотрансплантациясы |
76 |
92.201 |
Қуықасты безі обырының жоғары дозалы брахитерапиясы |
77 |
92.202 |
Қуықасты безінің оқшауланған обырының интерстициалдық сәулелік терапиясы (брахитерапия) |
78 |
92.203 |
Әйел жыныс ағзаларының обыры кезіндегі жоғары дозалы брахитерапия |
79 |
92.291 |
Қалқанша безі ауруының радио-йодпен емдеу терапиясы |
80 |
92.247 |
Сызықтық үдеткіште фотондарды қолдану арқылы қашықтықтан сәулелік терапия |
81 |
92.321 |
Гамма-пышақ аппаратын қолдана отырып, орталық нерв жүйесі ауруларын емдеудің радиохирургиялық әдісі |
82 |
99.791 |
Қанның гематопоэздік дің жасушаларын дайындау |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 16 қазаны № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1) «Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14630 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 қаңтарда жарияланған);
2) «Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-42 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған);
3) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20381 болып тіркелген, Қазақстан Республикасыың Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 15 сәуірде жарияланған).