Близость слов: Окончание:





Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 24 қазандағы № ҚР ДСМ-152/2020 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 24 қазандағы № 413 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қазанда № 21501 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2020 жылғы 20 қазандағы хаттамасының 3-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М.Е. Шорановқа және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.А. Сарбасовқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2020 жылғы 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі __________ Б. Нурымбетов   
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі __________ А. Цой
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 24 қазаны № 413 мен
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 24 қазаны
№ ҚР ДСМ-152/2020
Бірлескен бұйрыққа қосымша
Күші жойылған кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі
1. «Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда оларға, сондай-ақ қызметкер қайтыс болған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысу-қатыспауына қарамастан олардың отбасыларына біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 129 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20355 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 15 сәуірде жарияланған).
2. «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 129 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 22 шілдедегі № 287 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 шілдедегі № ҚР ДСМ-87/2020 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21003 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 23 шілдеде жарияланған).
3. «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 129 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 10 қазандағы № 396 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 қазандағы № ҚР ДСМ-124/2020 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21402 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 15 қазанда жарияланған).
Полная версия
ИС BestProfi