Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу және тексеру, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-169/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21562 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.06.2024 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (29.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 105-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.06.2024 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (29.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидалары бекітілсін
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.06.2024 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (29.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №224 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17039 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 22 маусымда жарияланған);
2) «Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидаларын және олар бойынша есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-127 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19383 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 19 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қатамасыз етсін.
Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.06.2024 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (29.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 105-бабының 3) тармағына сәйкес әзірленген және халық арасындағы инфекциялық, паразиттік және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу, есепке алуды мен есептілігін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Халық арасындағы инфекциялық, паразиттік және (немесе) улану оқиғаларын тіркеу және есепке алу пациенттің тұрғылықты жеріне қарамастан, аурудың анықталған орны бойынша жүргізіледі.