Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сату жүзеге асырылатын орындарда жазба үшін темекі шегудің зияны туралы ескертуді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-163/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21568 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.07.2024 жылғы № 56 Бұйрығына сәйкес (28.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 110-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.07.2024 жылғы № 56 Бұйрығына сәйкес (28.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы бұйырыққа қосымшаға сәйкес отырған темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сату жүзеге асырылатын орындарда жазба үшін темекі шегудің зияны туралы ескерту бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.07.2024 жылғы № 56 Бұйрығына сәйкес (28.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Темекі бұйымдарын сататын орындарда, қорабында және қаптамасында темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескертулерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 442 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11538 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 шілдеде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сату жүзеге асырылатын орындарда жазба үшін темекі шегудің зияны туралы ескерту
Осы Ескертудің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.07.2024 жылғы № 56 Бұйрығына сәйкес (28.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді (бұдан әрі – темекі бұйымдары) сату жүзеге асырылатын орындарда жазу үшін темекі шегудің зияны туралы ескертулер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 110-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және темекі тұтынудың және темекі түтінін жұтудың адам организмі үшін қатты зиян келтіретін салдары туралы ескерту жазбамен (бұдан әрі – Ескерту жазбасы) беріледі.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.07.2024 жылғы № 56 Бұйрығына сәйкес (28.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) темекі бұйымдары - шегу, сору, шайнау, иіскеу немесе тұтынудың өзге де тәсілдері үшін, оның ішінде темекіні қыздыруға арналған жүйенің немесе кез келген өзге де аспаптың көмегімен пайдаланатындай етіп дайындалған шикізат ретінде темекі жапырағынан және (немесе) темекі өсімдігінің басқа да бөліктерінен толық немесе ішінара жасалған өнімдер;
2) қорқорға арналған темекі - қорқорды пайдалана отырып шегуге арналған және темекі емес шикізат пен өзге де ингредиенттер қосылған немесе қосылмаған, кесілген немесе жұлынған шикізат қоспасынан тұратын, шегілетін темекі бұйымының түрі;
3) қорқор қоспасы - темекі жапырағын шикізат материалы ретінде пайдаланбай дайындалған, қорқорды қолдана отырып тұтыну үшін пайдаланатындай етіп жасалған бұйым;
5-тармақша алынып тасталды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.07.2024 жылғы № 56 Бұйрығына сәйкес (28.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда көрінетін жерде мынадай мазмұндағы: «Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынады» деген жазба орналастырылуға тиіс.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.07.2024 жылғы № 56 Бұйрығына сәйкес (28.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Темекі бұйымдарын көтерме және бөлшек саудасы орындарында орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескерту жазбалары келесі параметрлерге сәйкес болуы тиіс: