Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.09.2023
«Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 785 қаулысы
Осы Қаулы күшін жояды 2023 жылғы 30 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 14.09.2023 жылғы № 799 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 388-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын бекіту туралы»;
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 20 қарашадағы № 785
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 19 шілдедегі
№ 747 қаулысымен бекітілген
Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидалары
1. Осы Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында көліктің барлық түрлерін дайындау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына жеткізу тәртібін айқындайды.
2. Әскери-көліктік міндеттілік жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың элементі болып табылады, көлікті есепке алу, алдын ала дайындау, заңды және жеке тұлғалардың беруі, сондай-ақ көлікпен жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтиды.
3. Әскери-көліктік міндеттілік Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында көліктің барлық түрлерімен, оның ішінде мотоциклдермен, тракторлармен, тіркемелермен, жол-құрылыс және көтергіш-көлік машиналарымен және механизмдермен (бұдан әрі – көлік құралдары), сондай-ақ жегілетін және жүк артатын көлікпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленеді.
4. Әскери-көліктік міндеттілік заңнамада көзделген негіздерде көлік құралдарын иеленетін жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ көлік құралдарының жұмысын қамтамасыз ететін өзге де ұйымдарға қолданылады.
Әскери-көліктік міндеттілік шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне, артықшылықтары мен иммунитеттері бар шетелдік және халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
5. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша көлік құралдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына жеткізілмейді.
6. Әскери-көліктік міндеттілікті жеке және заңды тұлғалар:
Полная версия
ИС BestProfi