Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 желтоқсанда № 21746 болып тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 124-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.09.2022 жылғы № ҚР ДСМ - 95 Бұйрығына сәйкес (08.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1. Осы Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 124-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.09.2022 жылғы № ҚР ДСМ - 95 Бұйрығына сәйкес (08.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі - ЖТМК) – тиімділігі мен қауіпсіздігі ғылыми дәлелденген диагностика мен емдеудің инновациялық және (немесе) бірегей әдістерін және медицина ғылымының және ғылым мен техниканың сабақтас салаларының жетістіктері негізінде әзірленген технологияларды қолдануды қажет ететін аурулар кезінде көрсететін мамандандырылған медициналық көмектің бір бөлігі;