Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21843 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (20.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (20.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (20.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (20.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 41-тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар денсаулық сақтау қызметкерлеріне үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау тәртібін айқындайды.
2. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін (бұдан әрі – ҮКД) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау өлшемшарттарына сәйкес персоналды басқару қызметі және медициналық ұйымның басшысы растайды.
1) бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйым – білім алушылардың білімі мен дағдыларын, білім алу бағдарламалары түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалауды жүзеге асыратын денсаулық сақтаудың уәкілетті органымен аккредиттелген ұйым;
2) денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму жүйесіндегі сынақ бірлігі (бұдан әрі – СБ) – кәсіптік қызметтің белгілі бір кезеңінде үздіксіз кәсіптік дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысу көлемі өлшемінің біріздендірілген шартты бірлігі;
3) денсаулық сақтау қызметкерлері – клиникалық немесе фармацевтикалық практикаға жіберу үшін немесе Кодекстің 27-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мамандығы (мамандануы) бойынша маман сертификаты бар мамандар;
4) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі - қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;
6) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;
7) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) – Қазақстан Республикасының Ұлттық сабақ сыныптауышы, ұлттық біліктілік шеңбері негізінде әзірленетін және орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және салада пайдаланылатын білімдердің, іскерліктер мен құзыреттердің сипатына қарай деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды жіктейтін құжат;
8) формалды емес білім беру – оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі.
4. Кодекстің 269-бабының 3-тармағына сәйкес талаптарды ескере отырып, қосымша, формалды емес білім беру нәтижелерін және қосымша құзыреттерді куәландыратын құжаттар денсаулық сақтау қызметкерлерінің ҮКД нәтижелері болып табылады.
5. «Денсаулық сақтау» саласының СБШ сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлеріне біліктілік деңгейін беру немесе растау осы Қағидаларға сәйкес тәртіппен бағалау бойынша аккредиттелген ұйымға берілген білім мен дағдыларды бағалау нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
Медицина қызметкерлері «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру», «Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер шеңберінде бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымның қорытындысы болған кезде «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) сәйкес тәртіппен берілген деңгейі ескеріле отырып мамандық/мамандану бойынша маман сертификатын алады немесе растайды.
7. Денсаулық сақтау қызметкері ҮКД нәтижелерін куәландыратын құжаттары болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өлшемшарттарда көзделген растайтын құжаттарды ұсынады.
Формалды емес білім беру нәтижелері бойынша СБ осы Қағидаларға 1-қосымшаның 2-тарауына сәйкес қосымша құзыреттер бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаның 3-тарауына сәйкес есептеледі.
11. ҮКД нәтижелерін куәландыратын құжаттардың өлшемшарттарына қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі ҮКД нәтижелерін растаудан бас тартуға негіз болып табылады.
12. Біліктілік деңгейін беруге немесе растауға үміткер денсаулық сақтау қызметкері бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымға осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес ҮКД нәтижелерін ұсынады.
3) көрсетілетін қызметтердің электрондық тіркелімінен немесе кәсіптік қызмет туралы есептен расталған, құрылымдық бөлімше басшысы қол қойған кәсіптік стандарттың талаптарына сәйкес мәлімделген біліктілік деңгейіне сәйкес келетін еңбек функцияларын орындауы;
13. Біліктіліктің тиісті деңгейіне қол жеткізу үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлерінің ҮКД нәтижелерін растау өлшемшарттары бойынша қосымша, формалды емес білім беруді және қосымша құзыреттерді қамтитын үздіксіз кәсіптік даму іс-шаралары қажет.
15. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үш халықаралық академиялық рейтингке кіретін шетелдік ұйымдарда алған қосымша және (немесе) формалды емес білімі және олардың екеуінің және одан да көбінің алғашқы 250 (екі жүз елу) позицияларының қатарында (әлемнің үздік университеттерінің әлемдік рейтингі Квакарелли Симондс (QS World University Rankings, Кьюес World University Ranking), әлем университеттерінің академиялық рейтингі (Academic Ranking of World Universities, Академик Ranking of World University), Times басылымының нұсқасы бойынша әлемнің үздік университеттерінің рейтингі, (Times Higher Education World University Rankings) Таймс Хайер Юдукейшн World University Ranking) «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) көзделген Қазақстан Республикасында құжаттың түпнұсқасын ұсынған кезде жарамды деп танылады.
16. Денсаулық сақтау қызметкерлеріне «Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) бұйрығында көзделген тәртіппен бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесі негізінде бастапқы немесе кезекті біліктілік деңгейі беріледі.
17. Біліктіліктің 4.0, 5.0, 6.0, 7.0 (I), 7.1 (R) бастапқы деңгейлері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарының түлектеріне денсаулық сақтау саласындағы СБШ-ға сәйкес беріледі.
18. Мамандануы бойынша біліктілік деңгейі «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21699 болып тіркелген) шарттары сақтала отырып, негізгі мамандық шеңберінде беріледі.
19. Біліктіліктің кезекті деңгейін беру кезінде «Денсаулық сақтау» саласының СБШ белгілеген біліктілік деңгейлерінің кезектілігі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сақталады.
Санат беру туралы мерзімсіз куәліктері бар медицина қызметкерлері бағалау қағидаларына сәйкес білімі мен дағдыларын бағалаудан өтпей-ақ тиісті біліктілік деңгейі бар мамандық бойынша маман сертификатына куәлікті қайта ресімдей алады.
мәлімделген мамандық бейініне сәйкес; білім беру бағдарламасының деңгейіне сәйкес; сағаттардың немесе кредиттердің санын көрсету
1 сағат = 1 сынақ бірлігі;
біліктілікті арттырудан өткені туралы куәліктің көшірмесі
2-тарау. Формалды емес білім беру
2.
Мамандық бейіні бойынша тағылымдама
облыстық, қалалық, республикалық маңызы бар
1 апта = 10 сынақ бірлігі
тағылымдаманың жеке жоспарының орындалуы туралы есептің көшірмесі, тағылымдама барысында алған білімі, машығы мен дағдылары туралы ақпарат, тағылымдама қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімше басшысының денсаулық сақтау саласындағы маманға пікірі
халықаралық маңызы бар
1 апта = 30 сынақ бірлігі
3.
Күндізгі оқыту семинарларына, тренингтерге, шеберлік сыныптарға қатысу
мәлімделген мамандық бейініне сәйкес; сағаттардың немесе кредиттердің санын көрсету
1 сағат = 0,5 есептік бірлік;
оқудан өткені туралы куәліктің көшірмесі
4.
Вебинарларға, онлайн курстарға, қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып өткізілетін өзге де оқыту іс-шараларына қатысу
мәлімделген мамандық бейініне сәйкес; сағаттардың немесе кредиттердің санын көрсету
1 сағат = 0,5 сынақ бірліктері
оқудан өткені туралы куәліктің көшірмесі
3-тарау. Қосымша құзыреттер
5.
Съезд, Конгресс, конференциялар жұмысына қатысу
облыстық, республикалық маңызы бар қалалар
1 күн – 5 сынақ бірлігі, баяндамамен – 10 сынақ бірлігі
баяндамашының Т.А.Ә., тақырыбы, өткізу орны, өткізуді ұйымдастырушы, күні көрсетілген конференция қатысушысының құжаты және (немесе) бағдарламасы
республикалық маңызы
1 күн – 10 сынақ бірлігі, баяндамамен - 50 сынақ бірлігі
халықаралық маңызы
1 күн - 40 сынақ бірлігі , баяндамамен - 100 сынақ бірлігі
жарияланған монографияның, нұсқаулықтардың, әдістемелік ұсынымдардың электрондық көшірмесі, бірінші автор
7.
Оқулық (кітаптар)
мәлімделген мамандық бейініне сәйкес; бірінші автор немесе моноавторлық.
1 оқулық (кітап) = 180 сынақ бірлігі
жарияланған оқулықтың (кітаптың) электрондық көшірмесі)
8.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған тізбеге кіретін басылымдарда ғылыми мақала жариялау
мәлімделген мамандық бейініне сәйкес; бірінші 3 авторға
1 бап = 20 сынақ бірлігі
жарияланған мақаланың электрондық көшірмесі, алғашқы 3 автор
9.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған тізбеге кірмейтін республикалық және шетелдік басылымдарда мақаласын жариялау
бірінші 3 авторға
1 бап = 10 сынақ бірлігі
жарияланған мақаланың электрондық көшірмесі, алғашқы 3 автор
10.
Scopus, Web of Science, Springer индекстелетін басылымдарда жариялау
Scopus, Web of Science, Springer дерекқорында жарияланған мақалаға сілтеме
11.
Патент алу
мәлімделген мамандық бейініне сәйкес
1 республикалық деңгейдегі патент = 60 сынақ бірлігі; 1 шетелдік деңгейдегі патент = 180 сынақ бірлігі.
патенттің көшірмесі
12.
Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік туралы куәлік алу
мәлімделген мамандық бейініне сәйкес
1 куәлік = 30 сынақ бірлігі
зияткерлік меншік туралы куәліктің көшірмесі
13.
Тәлімгерлік, педагогикалық қызмет
мәлімделген мамандық бейініне сәйкес
жыл бойы медициналық білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін тәлімгер немесе ментор ретінде = 10 сынақ бірлігі
медициналық ұйымның тәлімгер тағайындау туралы бұйрығының көшірмесі, және (немесе) тәлімгерлік және (немесе) менторлық бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік
14.
Жас және жаңадан қабылданған мамандарға тәлімгерлік
мәлімделген мамандық бейініне сәйкес
жыл ішінде тәлімгер ретінде = 10 сынақ бірлігі
тәлімгер тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі
15.
Практикалық қызметке диагностика емдеу, аурудың профилактикасы инновациялық ғылыми немесе практикалық әдістемені енгізу
мәлімделген мамандық бейініне сәйкес
1 ендіру актісі = 60 сынақ бірлігі
денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органының қатысуымен ендіру актісі
16.
Кәсіби қауымдастыққа мүшелік
мәлімделген мамандық бейініне сәйкес; растау кезінде кемінде 1 жыл белсенді мүшелік.
өңірлік деңгей = 10 сынақ бірлігі; Республикалық деңгей = 30 сынақ бірлігі; Халықаралық деңгей = 60 сынақ бірлігі.
сараптамалық қызметті растайтын құжаттың көшірмесі
17.
Сараптама органдарына мүшелік
мәлімделген мамандық бейініне сәйкес; растау кезінде 5 жыл ішінде кемінде 1 жыл белсенді мүшелік
республикалық деңгей = 90 сынақ бірлігі
сараптамалық қызметті растайтын құжаттың көшірмесі
18.
Сараптамалық және (немесе) жаттықтырушылар қызметі
мәлімделген мамандық бейініне сәйкес; растау сәтіне бір жыл ішінде
1 құжат = 10 сынақ бірлігі
сараптамалық және жаттықтырушылық қызметті растайтын құжаттың көшірмесі
19.
Нормативтік құқықтық және өзге де регламенттеуші актілерді әзірлеуге қатысу
мәлімделген мамандық бейініне сәйкес; республикалық деңгейдегі (клиникалық хаттамалар, клиникалық мейіргерлік нұсқаулықтар, операциялық рәсімдердің стандарттары, салалық бағдарламалар, білім берудің мемлекеттік стандарттары)
1 құжат = 30 сынақ бірлігі
жұмыс тобының құрамы туралы бұйрықтың көшірмесі
20.
Білім алушылардың білімі мен дағдыларын, денсаулық сақтау саласындағы түлектер мен мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымның емтихан материалының (тест сұрақтары және клиникалық сценарийлер) мазмұндық немесе тесттілік сараптамасына қатысу
мәлімделген мамандық бейініне сәйкес;
50 тест сұрақтары =1 сынақ бірлігі; 10 клиникалық сценарий = 1 сынақ бірлігі
Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау және оны растау мақсатында тәуелсіз сараптама комиссиясының жұмысына қатысу
мәлімделген мамандық бейініне сәйкес растау сәтінде 5 жыл ішінде
1 құжат = 90 сынақ бірлігі
сарапшының қатысуы туралы тәуелсіз сараптама комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді және тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі
22.
Бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымда өзін-өзі бағалаудан өтуі
оң нәтиже (шекті деңгейге тең немесе одан жоғары)
1 өзін-өзі бағалау нәтижесі = 30 сынақ бірлігі
білімі мен дағдыларын өзін-өзі бағалаудың оң нәтижесі (шекті деңгейге тең немесе одан жоғары)
Үздіксіз кәсіптік даму іс-шараларының жалпы көлемі (қосымша білім берудің, формалды емес білім берудің және қосымша құзыреттердің сынақ бірліктерінің сомасы)
5 жыл ішінде кемінде 210 сынақ бірлігі
5 жыл ішінде кемінде 210 сынақ бірлігі
немесе сақтандыру жағдайын сараптау кезінде тәуелсіз сараптама комиссиясына қатысу, соңғы 3 жылда кемінде 3 рет.
5 жыл ішінде кемінде 210 сынақ бірлігі
немесе сақтандыру жағдайын сараптау кезінде тәуелсіз сараптама комиссиясына қатысу, соңғы 3 жылда кемінде 3 рет.
5 жыл ішінде кемінде 210 сынақ бірлігі
немесе сақтандыру жағдайын сараптау кезінде тәуелсіз сараптама комиссиясына қатысу, соңғы 3 жылда кемінде 3 рет.
3
Қосымша білімі
базалық деңгейдегі біліктілікті арттырудың кемінде 150 ЗЕ (сағаты)
базалық немесе орта деңгейдегі біліктілікті арттырудың кемінде 150 сынақ бірлігі (сағаты)
орта немесе жоғары деңгейдегі біліктілікті арттырудың кемінде 120 сынақ бірлігі (сағаты)
Жоғары немесе мамандандырылған деңгейдегі біліктілікті арттырудың кемінде 60 сынақ бірлігі (сағаты)
Формалды емес білімі
кемінде 50 сынақ бірлігі (сағат)
кемінде 50 сынақ бірлігі (сағат)
кемінде 50 сынақ бірлігі (сағат)
облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кемінде 60 сынақ бірлігі
Қосымша құзыреттер
кемінде 10 сынақ бірлігі
кемінде 10 сынақ бірлігі
облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кемінде 40 сынақ бірлігі
облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кемінде 90 сынақ бірлігі
орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат)
6.0
жоғары білім (академиялық бакалавриат)
7.0 (I)
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (игерілген бакалавриат бағдарламасы негізінде магистратура) және (немесе) практикалық жұмыс тәжірибесі;
немесе жоғары базалық медициналық білім (интернатура) және (немесе) үздіксіз интеграцияланған медициналық білім
7.1 (R)
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (резидентура)
сертификаттау курсы (мамандандыру үшін*)
8
PhD Докторантура, PhD докторы ғылыми дәрежесі, (Медицина ғылымдарының кандидаттары, медицина ғылымдарының докторы) немесе жоғары медициналық білім және саладағы басқару жұмысының тәжірибесі.