Близость слов: Окончание:





Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22004 болып тіркелді
Редакция 10.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 26) тармақшасына, 40-2) және 40-4) тармақшаларына, 19-бабының 1) және 2) тармақшаларына және 20, 21 және 22-баптарына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Преамбула жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-126 Бұйрығына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-126 Бұйрығына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары;
5) осы бұйрыққа 4-1-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.02.2023 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (03.11.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары
Полная версия
ИС BestProfi