Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.06.2021
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысы 
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 11.06.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес 
Редакция 06.05.2021 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізу» әдістемелік ұсынымдары (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес коронавирустық инфекцияны (СOVID-19) алдын алу бойынша вакциналарды сақтау және тасымалдау регламенті (бұдан әрі – Регламент) бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшылары облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшыларымен бірлесіп:
1) коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізуге жауапты денсаулық сақтау ұйымдарына Әдістемелік ұсынымдарды жұмысқа басшылық үшін жіберу;
2) коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде медицина қызметкерлерін оқытуды жүргізу.
4. Тиісті аумақтың, көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, төтенше жағдайлар органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ведомствосының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.  
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Вице-министрі – Қазақстан Республикасының    
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е. Қиясов
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 27 қаңтардағы
№ 3 қаулысына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасында халыққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналауды жүргізу» уақытша әдістемелік ұсыныстары
1. Осы «Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналауды жүргізу» әдістемелік ұсыныстары (бұдан әрі – Әдістемелік ұсыныстар) коронавирустық инфекцияға (бұдан әрі – КВИ) қарсы вакциналауды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары мынадай адамдар КВИ-ға қарсы вакциналауға жатады (басымдылығы бойынша):
1) медицина қызметкерлері, бірінші кезекте инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық көмектің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қабылдау бөлмелерінің персоналы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері;
Полная версия
ИС BestProfi