Близость слов: Окончание:





«Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 ақпанда № 22157 болып тіркелді
Редакция 15.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы №71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.06.2024 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (02.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған «Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. «Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 04 қазандағы № ҚР ДСМ-135 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 135261 болып тіркелген, Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 қазандағы жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 2 ақпандағы
№ ҚР ДСМ -13
бұйрығына қосымша
«Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
1. «Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.06.2024 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (02.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) вакцинамен ассоциацияланған паралитикалық полиомиелит (бұдан әрі – ВАПП) – вакцинадан алынған полиомиелит вирусы бөлінген, ауыз арқылы қабылданатын полиомиелиттік тірі вакцинаны (бұдан әрі – АПВ) қабылдағаннан кейін төртінші күннен ерте емес және отызыншы күннен кешікпей пайда болған 60-шы күні қалдық көріністері бар жіті енжар жұлын параличі жағдайы;
2) гемофильдік инфекция – Haemophilus influenzae В–В типінің гемофильдік таяқшасымен негізделген ауа-тамшы арқылы берілетін, клиникалық көріністердің көптүрлілігімен, тыныс алу ағзаларының, орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен және әртүрлі ағзаларда іріңді ошақтардың дамуымен сипатталатын антропонозды жіті инфекциялық ауру;
3) Гийена-Барре синдромы – енжар парездермен, сезімталдықтың, вегетативтік бұзылыстары байқалатын жіті аутоиммундық қабыну полирадикулоневропатиясы;
Полная версия
ИС BestProfi