Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 39 қаулысы
Редакция 16.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 453 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің атауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті болып өзгертілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетіне берсін.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 9 ақпандағы
№ 39 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 09.03.2022 жылғы № 114 Қаулысымен (09.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне» деген бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетіне» деген кіші бөлім алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне» деген бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетіне
222-42 «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ».».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысымен (09.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)
4. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

3

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2 624

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

3

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2 601

6

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

932

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

6

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

955

5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 865 Қаулысымен (19.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.10.2023 жылғы № 912 Қаулысымен (04.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 9 ақпандағы
№ 39 қаулысына
қосымша
Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 09.03.2022 жылғы № 114 Қаулысымен (09.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi