Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.10.2023
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.10.2023 жылғы № 914 Қаулысына сәйкес 
Редакция 01.01.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық, жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.  
3. Жауапты орталық, жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгiне жүктелсiн.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2021 жылғы № 39 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1045 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Мемлекеттік бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.02.2021 жылғы № 39 Қаулысымен (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Бағдарламаның

атауы

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздер

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауына және 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласына; Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді.

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар

Бағдарламаның

мақсаты

Мақсаты: қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу

Бағдарламаның міндеттері

1. Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту

1.1 Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін ортологиялық кодтау.

1.2 Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілінің салалық терминдер жүйесін жетілдіру, біріздендіру және кодтау.

1.3 Ономастикалық кеңістікті латын графикалы әліпби негізінде реттеу және стандарттау.

1.4 "Қазақ тілінің ұлттық корпусы" жобасын іске асыру.

2. Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту

2.1 Білім беру саласындағы қазақ тілінің функцияларын кеңейту және оны қолдану мәдениетін арттыру.

2.2 Мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор ұйымдарында қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру.

2.3 Ақпараттандыру және коммуникация саласындағы қазақ тілінің қолданылуын жетілдіру.

2.4 Мәдениет, халыққа қызмет көрсету, БАҚ және бизнес саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын реттеу, әлеуметтік беделін арттыру.

2.5 Халықаралық коммуникацияда қазақ тілінің қолданылуын кеңейту.

3. Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту

3.1 Орыс тілінің коммуникативтік-тілдік кеңістікте қолданылуы.

3.2 Этностық топтардың тілдерін дамыту.

3.3 Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын арттыру.

Іске асыру мерзімдері

2020 – 2025 жылдар

Нысаналы

индикаторлар

1) латын графикалы әліпбиді пайдаланатын жазбаша коммуникацияға қатысушылар үлесі: 2022 жылы – 10 %, 2023 жылы – 20 %, 2024 жылы – 30%, 2025 жылы – 50 %;

2) мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі: 2020 жылы – 90,5 %, 2021 жылы – 91 %, 2022 жылы – 92 %, 2023 жылы – 93 %, 2024 жылы – 94 %, 2025 жылы – 95 %;

3) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі: 2020 жылы – 74 %, 2021 жылы – 75 %, 2022 жылы – 76 %, 2023 жылы – 77 %, 2024 жылы – 78 %, 2025 жылы – 79 %;

4) үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгерген халықтың үлесі: 2020 жылы – 26%, 2021 жылы – 27%, 2022 жылы – 28%, 2023 жылы – 29%, 2024 жылы – 30%, 2025 жылы – 31%

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны іске асыруға 2020 – 2025 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 16989,9 млн. теңгені құрады.

2020 – 2025 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауына және 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласына, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді.
Көрсетілген нормативтік құжаттар төменде көрсетілген мәселелер бойынша осы Бағдарламаның негізгі мақсаты мен басты міндеттерін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды" деп белгіленген. Сондай-ақ, 93-бабында "Конституцияның 7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, арнаулы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті" деп көрсетілген. Конституцияның бұл ережелері осы Бағдарламаның әзірленуіне және іске асырылуына басты негіз болып табылады.  
Бағдарламаның "Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту" атты бірінші және "Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту" атты үшінші бағыттарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының "Тілдік жаңғыру" деген 6.7 және "Әлемдегі үздік білімге қол жеткізу бастамасы" 6.8-тармақтарында көрсетілген міндеттер негіз болып табылады. Стратегиялық даму жоспарының осы міндеттерінде шет тілдерін, әсіресе ағылшын тілін үйрету мүмкіндіктерімен халықты барынша мол қамту қамтамасыз етіледі. Білім берудің барлық деңгейлерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша үштілділікті енгізу жалғасады. Бағдарлама шеңберінде қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру жүзеге асырылады. Осы бастаманың шеңберінде әлемдік үздік тәжірибенің оң элементтерінің қолданыстағы мәдени-білім беру модельдерімен және стандарттарымен синтезделуін қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл үшін қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік кітаптар қазақ тіліне аударылатын болады.
Сондай-ақ, Бағдарламаның барлық бағыттары, әсіресе қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жолымен қазақ тілін жаңғырту жөніндегі міндеттерді қамтитын бірінші бағыты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында берілген мынадай тапсырмасын орындауды көздейді: "Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық".
Бағдарламада Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру көзделеді. Мемлекет басшысы нақты шаралар негізінде еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасау және қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту қажеттігін атап өтті.
Полная версия
ИС BestProfi