Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.11.2023
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2022 – 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  2022 жылғы 9 наурыздағы № 159 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысының 20.11.2023 жылғы № 685 Бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, аппарат басшысы, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің  арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2022 – 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттері және олардың аумақтық бөлімшелері, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі – Басқарма) (келісім бойынша), Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары:
1) Жоспарда көрсетілген іс-шаралардың іске асырылуын және уақтылы орындалуын;
2) Министрліктің Әкімшілік департаменті 2022 – 2025 жылдардың 20 желтоқсанынан кешіктірмей Жоспардың орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау  жүйесінде іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  2020 жылғы   18 наурыздағы № 172 бұйрығының күші жойылсын.
4. Министрліктің Әкімшілік департаменті Жоспарда көрсетілген
іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізсін және жиынтық ақпаратты жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жіберсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.  
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы       Б. Әбділдин
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
аппарат басшысының
2022 жылғы «9» наурыздағы
№ 159 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2022 – 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары  

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауапты

Орындау мерзімі

1.

Денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер мен қызметкерлерге жыл сайын мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрету курстарын ұйымдастыру және өткізу

тіл курстары

ҚР ДСМ ӘД,

СЭБҚ, МФБК және олардың аумақтық бөлімшелері, Басқармалар (келісім бойынша),

ҚР ДСМ ведомстволық бағынысты ұйымдары

2022 – 2025 жылдар

2.

Заңдардың, қаулылардың, бұйрықтардың, меморандумдардың келісімдердің, хаттардың және басқа да нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік тілде редакциялауды қамтамасыз ету

мониторинг

ҚР ДСМ ӘД

тоқсан сайын

3.

Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған іс-шара өткізу

конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар

ҚР ДСМ ӘД, СЭБК, МФБК және олардың аумақтық бөлімшелері, Басқармалар (келісім бойынша),

ҚР ДСМ ведомстволық бағынысты ұйымдары

2022 – 2025 жылдар қыркүйек

4.

Министрліктің мемлекеттік тілдегі шығыс және кіріс құжаттарының мониторингі

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ҚР ДСМ ӘД

тоқсан сайын

5.

Басқармалардың, Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың (келісім бойынша) мемлекеттік тілді дамыту мәселелерімен айналысатын мамандарын тағылымдамадан өткізу

ҚР ДСМ-де тағылымдама

ҚР ДСМ ӘД, СЭБК, МФБК және олардың аумақтық бөлімшелері, Басқармалар (келісім бойынша),

ҚР ДСМ ведомстволық бағынысты ұйымдары

2022 – 2025 жылдар

6.

Министрліктің мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік тілде құжаттарды әзірлеуге консультациялық және әдістемелік көмек көрсету

консультация

ҚР ДСМ ӘД

тұрақты

7.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі ұйымдарды ісқағаздарын жүргізуді латын графикасына негізделген әліпбиге көшіру


 

ҚР БҒМ-ге ақпарат


 

ҚР ДСМ ӘД, СЭБК, МФБК және олардың аумақтық бөлімшелері, Басқармалар (келісім бойынша),

ҚР ДСМ ведомстволық бағынысты ұйымдары

2024 – 2025 жылдар


 

8.

А. Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында денсаулық сақтау жүйесіндегі тіл мамандарының республикалық форумы

республикалық форум

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы (келісім бойынша)

2022 жыл қыркүйек

9.

«Мемлекеттік тіл: жаңа ақпарат және озық тәжірибе» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция

республикалық ғылыми-әдістемелік конференция, сертификат

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы (келісім бойынша)

2022 – 2025 жылдар 21 мамыр

10.

Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты республикалық конкурс

республикалық конкурс

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы

(келісім бойынша)

2022 – 2025 жылдар 20 мамыр

11.

«Мемлекеттік тіл – медицина саласында» тақырыбында ғылыми-практикалық Тіл конференциясы

Конференция, сертификат

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы (келісім бойынша)

2022 жылғы қазан

12.

«Латын графикасына негізделген әліпбидің бүгіні мен ертеңі» атты қалалық дөңгелек үстел

қалалық дөңгелек үстел

«Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК

2024 жылғы қыркүйек

ҚР ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ ӘД – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік  департаменті
СЭБК – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау комитеті  
МФБК – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті
ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Басқармалар – облыстардың және  Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Полная версия
ИС BestProfi