Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023 – 2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы»  
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің  аппарат басшысының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 685 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, аппарат басшысы, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 842 бұйрығына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023 – 2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін. 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттері, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі – Басқарма) (келісу бойынша), Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары:
1) Жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) Жоспардың іс-шараларының іске асырылуын және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
3) Министрліктің Әкімшілік департаментіне есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызынан кешіктірмей Жоспардың іске асыру барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
1) «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде  іске асыру жөніндегі 2020 – 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппарат басшысының 2022 жылғы 9 наурыздағы № 159 бұйрығының;   
2) «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2022 – 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау министрлігі аппарат басшысының 2022 жылғы 9 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау министрлігі аппарат басшысының 2023 жылғы 9 ақпандағы № 87 бұйрығының күші жойылсын.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік департаменті Жоспардың іс-шараларының орындалуына мониторинг жүргізсін және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне ақпарат беріп тұрсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.   
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Б. Әбділдин
Полная версия
ИС BestProfi