БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 12 ақпандағы № 103 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 ақпанда № 22205 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
1. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 тамызда «Егемен Қазақстан» № 332-333 (26176) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарында:
«1088 – «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады;»;
«1096 – «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады.»;
«1240 – «Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» өтеу мерзімі бір жылдан аз ведомстволық есеп айырысулар бойынша мемлекеттік мекемелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегін есепке алу үшін арналған. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:
1241 – «Ішкі ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» ішкі ведомстволық есеп айырысу бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінің, оның ішінде қайтару негізінде республикалық және жергілікті бюджет қаражатының есебінен берілген кредиттер сомалары бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешекті есепке алу үшін арналған;
1242 – «Ведомствоаралық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» ішкі ведомстволық есеп айырысу бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінің, оның ішінде қайтару негізінде республикалық және жергілікті бюджет қаражатының есебінен берілген кредиттер сомалары бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешекті есепке алу үшін арналған;»;
«1263 – «Өзге де есеп беретін тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес іссапар шығыстарын берумен байланысты операциялар есепке алынады;»;
Полная версия

