1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 331-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне, 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 760-бабы 1-2-тармағының төртінші бөлігіне, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, 13-1-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінің 8) тармақшасына, 20-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне, 31-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне, 39-бабы 2-тармағының сегізінші бөлігіне, 45-1-бабының 6-тармағына, 55-бабының 2-тармағына, 61-5-бабы 7-тармағының екінші бөлігіне, 61-6-бабы 4-тармағының алтыншы бөлігіне, 61-7-бабы 2- тармағының 1) тармақшасының үшінші абзацына, 74-5-бабы 5-тармағының он екінші бөлігіне, 75-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне, 30-1-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінің 8) тармақшасына, 34-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне, 36-2-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, 36-3-бабына, 53-1-бабының 6-тармағына, 76-бабының 2-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасына, 13-6-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына және екінші бөлігіне, 13-6-бабының бірінші бөлігінің 4) тармақшасына және екінші бөлігіне, «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасына, 30-1-бабының 2-тармағына, 30-3-бабының 2-тармағына, «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 34 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 ақпанда № 22239 болып тіркелді
Редакция 08.05.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 34 Қаулыға қосымша
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. «Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы туралы өтініш нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 216 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4430 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қосылуы туралы өтініш нысанын бекіту туралы»;
«1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қосылуы туралы өтініш нысаны бекітілсін.»;
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.04.2026 жылғы № 68 Қаулысына сәйкес (03.04.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия

