Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 116-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 наурызда № 22362 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
1. «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6505 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 қазандағы № 429-432 (26275) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есеп саясаты осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 230 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен бекітілген
Есеп саясаты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне 2008 жылғы 4 желтоқсандағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) сәйкес әзірленген (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп қағидалары).
2. Есеп саясаты мемлекеттік мекемелерде қаржы есептілігін құрастырғанда және ұсынғанда қолданылатын, барлық мемлекеттік мекемелерге бірыңғай болып табылатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидалар мен практиканы қамтиды.
2-тарау. Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігін жасаудың принциптері мен негізгі сапалық сипаттамасы
3. Есептеу және қызметтің үздіксіздігі бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржы есептілігін жасаудың принциптері болып табылады.
4. Есептеу принципі төлем уақытына қарамастан, оларды жасау фактісі бойынша операция қорытындыларын танумен қамтамасыз етіледі.
5. Қызметтің үздіксіздік принципі мемлекеттік мекеме көз жетерлік болашақта жұмыс істеуге ниеті бар екенін, қызмет ауқымын тарату немесе елеулі қысқарту қажеттігі болмайтындығын білдіреді.
Полная версия

