Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 169 қаулысы
Редакция 24.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 169 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (29.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.01.2024 жылғы № 31 Қаулысына сәйкес (24.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.07.2023 жылғы № 620 Қаулысымен (30.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.11.2023 жылғы № 1041 Қаулысымен (28.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 8, 46-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ережеде:
«74) қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;
75) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындау;
76) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындау;
77) Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне жәрдемақылар төлеудің үлгілік қағидалары мен шарттарын бекіту;»;
Полная версия
ИС BestProfi