Близость слов: Окончание:





«Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 және «Кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 343 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 сәуірде № 22489 болып тіркелді
Редакция 19.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 05.02.2024 жылғы № 47 Бұйрығымен (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 343 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14179 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанында:
«30. Бірыңғай оператордың алдында берешектерін өтеу тәртібі туралы шартты уақытылы жасаспаған және (немесе) уақытылы төлемеген жағдайда, Құрылыс салушы, Уәкілетті компания төлем күнін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің мөлшерінде кідіртілген әрбір күн үшін төлем сомасына өсімпұл төлейді.».
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен бекітілген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамкулов
Полная версия
ИС BestProfi