Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.05.2024
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 194 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 14 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.04.2024 жылғы № 336 Қаулысына сәйкес 
Редакция 02.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
«1) басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (31.03.2021 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 31 наурыздағы № 194 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 820 қаулысымен
бекітілген
Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі
1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның (бұдан әрі – АНК) 2018 – 2021 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) қаржыландыруының жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін.
«Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚДБ) жобалары ҚДБ-ның өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен ғана қаржыландырылады.
1) өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде өндірісті кеңейту;
2) ішкі нарықты отандық өндірушілердің тауарларымен және көрсетілетін қызметтерімен толықтыру.
Полная версия
ИС BestProfi