Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 сәуірде № 22651 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 25 сәуірден бастап күшін жойды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 07.04.2025 жылғы № 143-НҚ Бұйрығына сәйкес
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.01.2023 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (28.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.