Близость слов: Окончание:





2020-2021 оқу жылына білім беру гранттарын беру және  жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі республикалық конкурстық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2021 жылғы 4 наурыздағы № 94 бұйрығы 
«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысының 3-тармағына және «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығының   25-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда 2020-2021 оқу жылына білім беру гранттарын беру және  жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі республикалық конкурстық комиссия құрылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
​ 2021 жылғы 4 наурыздағы № 94
 бұйрығына қосымша
2020-2021 оқу жылына білім беру гранттарын беру және  жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның құрамы

п/п

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Лауазымы

1

Дәуленов Мирас Мұхтарұлы

Қазақстан Республикасы ның Білім және ғылым вице-министрі , комиссия мүшесі

2

Көбенова Гүлзат Ісбасарқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы, комиссия мүшесі

3

Құрманғалиева Жанна Дулатқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, комиссия мүшесі

4

Мұхамеджанова Гүлден Берікқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Заң департаменті директорының орынбасары, комиссия мүшесі

5

Тойбаев Әділет Жүнісұлы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры, комиссия мүшесі

6

Шақаева Гаухар Серікқалиқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры, комиссия мүшесі

7

Оспанова Насымжан Жамбекқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры, комиссия мүшесі

8

Кенбай Қанат Оразтайұлы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім беруді цифрлық трансформациялау департаментінің директоры, комиссия мүшесі

9

Ғанижан Асанұлы

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаментінің директоры

10

Қалимұратқызы Ұлжан


 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті Еңбек нарығын жоспарлау басқармасының басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

11

Қосқараева Шарбан Сапарқызы

Қазақстан Респуликасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Ғылыми қамтамасыз ету және әлеуметтік саясат басқармасының басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

12

Алдынгуров Даулет Кадырович

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстары департаменті директорының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

13

Сапиев Серік Жұманғалиұлы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

14

Есімова Динара Ғабиболлақызы

«Әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Әлеуметтану» кафедрасының доценті, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

15

Әбенов Мұрат Абдуламитұлы

«Серпін» білім және инновация ұлттық палатасының президенті, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

16

Пен

Сергей Геннадьевич

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің провосты, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

17

Бейсембаев Азамат Амангелдіұлы

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту департаментінің директоры, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

18

Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы

«Қазақстан студенттерінің альянсы» студенттік ұйымының басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

19

Жапарова Гүлжамал Әлкенқызы

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілі, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

20

Түркістанова Ляззат Мақсұтқызы

республикалық «Білімді ел – образовательная страна» газетінің бас редакторы, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

21

Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

22

Есинбаева Жанна Уақасқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру басқармасының басшысы, хатшы

Полная версия
ИС BestProfi