Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы қолда бар мәліметтерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 488 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 мамырда № 20653 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 23.04.2021 жылғы № 381 Бұйрығына сәйкес (15.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 12.11.2025 ж. № 697 Бұйрығына сәйкес
Редакция 10.05.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 14 және 17-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 23.04.2021 жылғы № 381 Бұйрығына сәйкес (15.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну нысаны бекітілсін.
1) «Бағалы қағаздарды ұстаушы тексерілетін жеке тұлғалар туралы мәліметтерді, сондай-ақ тексерілетін жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 407 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14184 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі 3-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15096 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі А. Смаилов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 488 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 23.04.2021 жылғы № 381 Бұйрығына сәйкес (15.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi