Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 мамырда № 22682 болып тіркелді
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.12.2021 жылғы № 388 Бұйрығына сәйкес (30.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидалары бекітілсін.
1) «Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1271 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12803 болып тіркелген);
2) «Ашық бюджет интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1271 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 328 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17290 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.