Близость слов: Окончание:





 Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ - 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 мамырда № 22782 болып тіркелді
Редакция 02.12.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.04.2025 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (06.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Қосымшаны PDF форматында қараңыз 
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.12.2021 жылғы № ҚР ДСМ-142 Бұйрығына сәйкес (18.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-88 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.06.2023 жылғы № 103 Бұйрығына сәйкес (23.08.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.04.2025 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (06.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.11.2025 жылғы № 154 Бұйрығына сәйкес (01.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрі
 2021 жылғы 18 мамырдағы
 № ҚР ДСМ – 41
 Бұйрыққа 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 931 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16141 болып тіркелген).
2. "Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 931 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № ҚР ДСМ-51 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18586 болып тіркелген).
3. "Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды бекіту туралы" "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 931 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № ҚР ДСМ-40/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20444 болып тіркелген).
Полная версия
ИС BestProfi