«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 359-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 мамырда № 22852 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 553 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12072 болып тіркелген);
2) «Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 553 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 119-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20705 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 359-НҚ Бұйрығымен бекітілген
Полная версия