«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасына, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 399-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 маусымда № 22967 болып тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 241-НҚ Бұйрығына сәйкес (өзгерту 22.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 22.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.09.2023 жылғы № 354-НҚ Бұйрығына сәйкес (08.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы, Бірыңғай байланыс орталығына, мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 399-НҚ бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.09.2023 жылғы № 354-НҚ Бұйрығына сәйкес (08.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
|
Р/с№ |
Рұқсат беру талаптары |
Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар |
Ескертпе |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары |
|||
|
1 |
*Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы немесе мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы. Егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сертификаттау жөніндегі маман ретінде кемінде үш жылдан кем емес немесе аралас бағыттар бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде 10 жыл жұмыс өтілінің болуы. Мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде он жыл жұмыс өтілі болған кезде орта білімнен кейінгі білімге рұқсат етіледі. |
Осы Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны (бұдан әрі – Мәліметтер нысаны). |
|
|
2 |
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл, оның ішінде мәлімделетін аттестаттау бағытында сертификаттау жөніндегі маман ретінде сәйкестікті растау жөніндегі органда мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе сарапшы-аудитор ретінде кемінде үш жыл. Қазақстан Республикасында мәлімделетін аттестаттау бағытында сәйкестікті растау жөніндегі органдар болмаған кезде мәлімделетін қызмет бағытында кемінде бес жыл жұмыс өтіліне рұқсат етіледі. |
Мәліметтер нысаны. |
|
|
3 |
*Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) курстарынан өту және «Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлау (қайта даярлау) және біліктілігін жоғарылату. Жалпы талаптар» ҚР СТ 1.45-де белгіленген тәртіпте тестілеу. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларды даярлау жөніндегі курстарды өткізу ұзақтығы сексен академиялық сағаттан кем емес уақытты құрайды. Қазақстан Республикасында аттестаттаудың жаңа бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау жөніндегі курстардан өту үшін жағдайлар болмаған кезде кемінде академиялық қырық сағат көлемінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде курстардан өтуге рұқсат етіледі. |
Мәліметтер нысаны |
Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – бір жыл. |
|
4 |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін немесе халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде мәлімделетін аттестаттау бағытында аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудиторда сәйкестікті растау жөніндегі органда практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту. Қазақстан Республикасында аттестаттау бағыттары бойынша практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту үшін жағдайлар болмаған кезде халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде аттестаттаудың мәлімделген бағытында аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудитордан практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге жол беріледі. |
Мәлімделетін аттестаттау бағытында тағылымдамадан өткені туралы кемінде бес есеп (кемінде екі түрлі схема бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) немесе бір схема бойынша сериялық өндірілетін өнімнің немесе партиялық өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі кемінде жеті есеп мәліметтерінің нысаны. Халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде аттестаттаудың мәлімделген бағытында сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығын растайтын құжат (халықаралық сарапшы-аудитор немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде аттестатталған сарапшы-аудиторда тағылымдамадан өткен жағдайда). |
Мәлімделетін аттестаттау бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға сәйкестікті растау жөніндегі объектіге бару арқылы даярлау (қайта даярлау) жөніндегі курстар аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланған, карантиндік режим енгізілген, карантин және (немесе) шектеу іс – шаралары белгіленген жағдайда мәлімделетін аттестаттау бағытында қашықтықтан өту режимінде практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі. |
|
2. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары |
|||
|
1 |
*Сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғада жоғары білімінің болуы. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – тамақ өнеркәсібіне қатысты өндірістік және өңдеу салаларын даярлау бағытында жоғары білімінің немесе мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы. Энергетикалық менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – энергетикаға қатысты инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларын даярлау бағытында жоғары білімінің немесе мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы. Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, физика-математика ғылымдары бағытында жоғары білімінің немесе мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы. Экологиялық менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – қоршаған орта, жерге орналастыру, су ресурстары және су пайдалану, физикалық және химиялық, биологиялық ғылымдар даярлау бағытында жоғары білімінің немесе мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы. Медициналық бұйымдардың сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – медицина, денсаулық сақтау, фармация, фармацевтикалық өндіріс технологиясы, биология және биотехнология немесе инженерлік және өңдеу салалары бағытында жоғары білімінің болуы. Активтерді басқару менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес бағытында жоғары білімінің болуы. Жеткізу тізбегінің қауіпсіздік менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, көлік, логистика, көлік тасымалын, қозғалысын және пайдалануды ұйымдастыру бағытында жоғары білімінің болуы. Жылжымайтын мүлік объектілерін басқару менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – қаржы, экология, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, кадастр, жерге орналастыру бағытында жоғары білімінің болуы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы- аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – құқық, әлеуметтік ғылымдар, бизнес, қаржы, экономика бағытында жоғары білімінің болуы. Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – құқық, әскери іс, әлеуметтік ғылымдар бағытында жоғары білімінің болуы. Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғалар үшін-өндірістерде, сондай-ақ инженерлік, өңдеуші және өнеркәсіп салаларында, педагогикалық және жаратылыстану ғылымдарында, әскери істерде еңбекті қорғау және гигиена бағыттары бойынша жоғары білімнің болуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жұмыс тәжірибесі болған жағдайда немесе аттестаттаудың мәлімделген бағытына сәйкес стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы. Егер білімі аттестаттаудың мәлімделген бағытына сәйкес келмеген жағдайда, аттестаттаудың мәлімделген бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы. |
Мәліметтер нысаны. |
|
|
2 |
Мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі, оның ішінде аттестаттаудың мәлімделген бағытында кемінде екі жыл, аттестаттаудың мәлімделген бағытында сертификаттау жөніндегі маман ретінде сәйкестікті растау жөніндегі органда немесе сарапшы-аудитор ретінде кемінде үш жыл. Қазақстан Республикасында мәлімделетін аттестаттау бағытында сәйкестікті растау жөніндегі органдар болмаған кезде мәлімделетін қызмет бағытында кемінде бес жыл жұмыс өтіліне жол беріледі. |
Мәліметтер нысаны, аударымдардың түсу көзін көрсете отырып, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме. |
Аттестаттаудың мәлімделген бағытындағы сәйкестікті растау жөніндегі органда сертификаттау жөніндегі маман ретінде аттестаттаудың мәлімделген бағытындағы жұмыс өтілі сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу материалдарындағы сәйкестікті растау жөніндегі органның кадр құрамы туралы мәліметтермен расталады. |
|
3 |
*Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) курстарынан өту және «Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлау (қайта даярлау) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдар. Жалпы талаптар» 1.45 ҚР СТ белгіленген тәртіпте тестілеу. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау курстарын өткізу ұзақтығы кемінде сексен академиялық сағатты құрайды. Қазақстан Республикасында аттестаттаудың жаңа бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау жөніндегі курстардан өту үшін жағдайлар болмаған кезде кемінде қырық академиялық сағат көлемінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде курстардан өтуге рұқсат етіледі. |
Мәліметтер нысаны. |
Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл. |
|
4 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудитордың өтініш берілген аттестаттау бағытында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі. Қазақстан Республикасында аттестаттау бағыттары бойынша практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өту үшін жағдайлар болмаған кезде халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде аттестаттаудың мәлімделген бағытында аттестатталған және осы бағытта кемінде екі жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудитор-дан практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуге жол беріледі. |
Мәлімделетін аттестаттау бағытында тағылымдамадан өткені туралы жалпы ұзақтығы кемінде жиырма жұмыс күні болатын төрт есептен кем емес мәліметтер нысаны (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысуды және олар туралы есептер жасауды қоса алғанда). Аттестаттаудың мәлімделген бағытында тағылымдамадан өткені туралы кемінде бес есептің (кемінде екі түрлі схема бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) немесе бір схема бойынша сериялық өндірілетін өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі кемінде жеті есептің мәліметтер нысаны. Халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде аттестаттаудың мәлімделген бағытында сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығын растайтын құжат. (халықаралық сарапшы-аудитор немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде аттестатталған сарапшы-аудиторда тағылымдамадан өткен жағдайда). |
Аттестаттаудың мәлімделген бағытында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өту сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның дайындық (қайта даярлау) және оқыту ұйымы даярлау (қайта даярлау) және біліктілікті арттыру жөніндегі куәлікті бергеннен кейін сәйкестікті растау объектісіне баруымен жүзеге асырылады. Төтенше жағдай жарияланған, карантиндік режим енгізілген, Қазақстан Республикасында карантин және (немесе) шектеу іс-шаралары белгіленген жағдайда қашықтан режимде аттестаттаудың мәлімделген бағытында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуге жол беріледі. |
|
3. Қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары |
|||
|
1 |
*Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы немесе стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы. Егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сертификаттау жөніндегі маман ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы. |
Мәліметтер нысаны. |
|
|
2 |
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл, оның ішінде сәйкестікті растау жөніндегі органда аттестаттаудың мәлімделген бағытында кемінде екі жыл немесе аттестаттаудың мәлімделген бағытында сарапшы-аудитор ретінде жұмыс өтілі кемінде үш жыл. Қазақстан Республикасында сәйкестікті растау жөніндегі органдар болмаған кезде аттестаттаудың мәлімделген бағытында қызметтің мәлімделген бағытында кемінде бес жыл жұмыс өтіліне жол беріледі. |
Мәліметтер нысаны. |
|
|
3 |
*Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) курстарынан өту және «Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлау (қайта даярлау) және біліктілігін жоғарылату. Жалпы талаптар» 1.45 ҚР СТ белгіленген тәртіпте тестілеу. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларды даярлау жөніндегі курстарды өткізу ұзақтығы сексен академиялық сағаттан кем емес уақытты құрайды. Қазақстан Республикасында аттестаттаудың жаңа бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау жөніндегі курстардан өту үшін жағдайлар болмаған кезде кемінде академиялық қырық сағат көлемінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде курстардан өтуге рұқсат етіледі. |
Мәліметтер нысаны. |
Қызметтердің сәйкестігін растау бойынша сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл. |
|
4 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін немесе халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде (растайтын құжатты қоса бере отырып) мәлімделетін сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағытында аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудитордан мәлімделетін аттестаттау бағытында сәйкестікті растау жөніндегі органда практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту. Қазақстан Республикасында аттестаттау бағыттары бойынша практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту үшін жағдайлар болмаған кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кемінде қырық академиялық сағат практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі. |
Мәлімделетін аттестаттау бағытында тағылымдамадан өткені туралы кемінде бес есеп беретін мәліметтер нысаны (сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда). Халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде аттестаттаудың мәлімделген бағытында сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығын растайтын құжат. (халықаралық сарапшы-аудитор немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде аттестатталған сарапшы-аудиторда тағылымдамадан өткен жағдайда). |
Аттестаттаудың мәлімделген бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның дайындық (қайта даярлау) және оқыту ұйымы даярлау (қайта даярлау) және біліктілікті арттыру жөніндегі куәлікті бергеннен кейін сәйкестікті растау объектісіне баруымен жүзеге асырылады. Төтенше жағдай жарияланған, карантиндік режим енгізілген, Қазақстан Республикасында карантин және (немесе) шектеу іс-шаралары белгіленген жағдайда қашықтан режимде аттестаттаудың мәлімделген бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге жол беріледі. |
|
4. Персоналды растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары |
|||
|
1 |
* Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы. Егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы. |
Мәліметтер нысаны. |
|
|
2 |
Мәлімделетін қызмет бағытында мамандығы бойынша кемінде үш жыл немесе мәлімделетін аттестаттау бағытында сәйкестікті растау жөніндегі органда кемінде үш жыл жұмыс өтілі. |
Мәліметтер нысаны. |
|
|
3 |
*Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) курстарынан өту және «Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлау (қайта даярлау) және біліктілігін жоғарылату. Жалпы талаптар» 1.45 ҚР СТ белгіленген тәртіпте тестілеу. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларды даярлау жөніндегі курстарды өткізу ұзақтығы сексен академиялық сағаттан кем емес уақытты құрайды. Қазақстан Республикасында даярлау, қайта даярлау жөніндегі курстардан өту үшін жағдайлар болмаған кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кемінде академиялық қырық сағат көлемінде курстардан өтуге рұқсат етіледі. |
Мәліметтер нысаны. |
Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл. |
|
4 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде екі жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудитордың сәйкестігін растау жөніндегі органда сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың мәлімделген бағытында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өту. Қазақстан Республикасында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту үшін жағдайлар болмаған кезде тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдарына рұқсат етіледі. |
Мәлімделетін аттестаттау саласында тағылымдамадан өткені туралы кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары туралы мәліметтер нысаны |
Сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың мәлімделетін бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту даярлау (қайта даярлау) жөніндегі курстар аяқталғаннан кейін сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның сәйкестікті растау объектісіне баруымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланған, карантиндік режим енгізілген, карантин және (немесе) шектеу іс- шаралары белгіленген жағдайда мәлімделетін аттестаттау бағытында қашықтықтан өту режимінде практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі. |
|
5. Процестің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары |
|||
|
1 |
* Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы. Егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделетін қызмет бағытында кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы. |
Мәліметтер нысаны. |
|
|
2 |
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл, оның ішінде сәйкестікті растау жөніндегі органда мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе мәлімделетін аттестаттау бағытында жұмыс өтілі кемінде үш жыл. Қазақстан Республикасында сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың мәлімделетін бағытында процестің сәйкестігін растау жөніндегі органдар болмаған кезде мәлімделетін қызмет бағытында кемінде бес жыл жұмыс өтіліне рұқсат етіледі. |
Мәліметтер нысаны. |
|
|
3 |
*Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) курстарынан өту және «Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлау (қайта даярлау) және біліктілігін жоғарылату. Жалпы талаптар» 1.45 ҚР СТ белгіленген тәртіпте тестілеу. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларды даярлау жөніндегі курстарды өткізу ұзақтығы сексен академиялық сағаттан кем емес уақытты құрайды. Қазақстан Республикасында даярлау, қайта даярлау жөніндегі курстардан өту үшін жағдайлар болмаған кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кемінде академиялық қырық сағат көлемінде курстардан өтуге рұқсат етіледі. |
Мәліметтер нысаны. |
Процестің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл. |
|
4. |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудиторда сәйкестікті растау жөніндегі органда мәлімделетін аттестаттау бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту.. Қазақстан Республикасында аттестаттау бағыттары бойынша практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту үшін жағдайлар болмаған кезде халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде аттестаттаудың мәлімделген бағытында аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудитор-дан практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге жол беріледі. |
Мәлімделетін аттестаттау бағытында тағылымдамадан өткені туралы кемінде үш есеп беретін мәліметтер нысаны (кемінде екі түрлі схема бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда). Халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде аттестаттаудың мәлімделген бағытында сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығын растайтын құжат. (халықаралық сарапшы-аудитор немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде аттестатталған сарапшы-аудиторда тағылымдамадан өткен жағдайда). |
Мәлімделетін аттестаттау бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту даярлау (қайта даярлау) жөніндегі курстар аяқталғаннан кейін сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның сәйкестікті растау объектісіне баруымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланған, карантиндік режим енгізілген, карантин және (немесе) шектеу іс- шаралары белгіленген жағдайда мәлімделетін аттестаттау бағытында қашықтықтан өту режимінде практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі. |
Ескертпе:
* Жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының жіктелуіне сәйкес.

