«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-2), 7-3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 шілдеде № 23514 болып тіркелді
Редакция 29.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Түпнұсқа» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың бланк нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «СТ-KZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың бланк нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұйрықтың көшірмесін ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық, 2021 жылғы 1 қыркүйекте қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 55, 66, 68 және 76-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығына 1-қосымша
Тауардың шығарылған елін айқындау, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесі, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидалары
Полная версия