Близость слов: Окончание:





Жерді неғұрлым құнды жерден құндылығы төменіне ауыстыру, консервациялау қажеттілігін айқындау, сондай-ақ экологиялық зілзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу мақсатында жерді бағалаудың экологиялық өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 1 шiлдедегі № 228 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 шiлдеде № 23748 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 230-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жерді неғұрлым құнды жерден құндылығы төменіне ауыстыру, консервациялау қажеттілігін айқындау, сондай-ақ экологиялық зілзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу мақсатында жерді бағалаудың экологиялық өлшемшарттары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 188 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10887 болып тіркелген);
2) «Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 188 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 2 тамыздағы № 276 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15660 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а.  С. Брекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 1 шілдедегі № 228
бұйрығымен бекітілген
Жерді неғұрлым құнды жерден құндылығы төменіне ауыстыру, консервациялау қажеттілігін айқындау, сондай-ақ экологиялық зілзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу мақсатында жерді бағалаудың экологиялық өлшемшарттары
1-тарау. Қоныстану аумақтары жерінің ластануын бағалау критерийлері

Көрсеткіштер

Экологиялық апат

Төтенше экологиялық жағдай

Салыстырмалы орташа жағдай

Негізгі көрсеткіштер

Топырақ бетінен 1 метр (бұдан әрі – м) деңгейдегі техногенді радионуклидтерден түскен эквиваленттік доза қуатының аядан асуы, сағатқа микрозиверт

0,57-ден астам

0,57-0,11

кемінде 0,11

Радиоактивті ластану (алаңдық белсенділік), шекті мәндер, кБк/м 2 *


 


 


 

цезий-137

400-ден астам

400-75

кемінде 75

стронций-90

630-дан астам

630-120

кемінде 120

плутоний-238, плутоний (239+240) (изотоптар жиынтығы)

2080-нен астам

2080-410

кемінде 410

америций-241

2500-ден астам

2500-490

кемінде 490

Химиялық ластанудың жиынтық көрсеткіші

128-ден астам

128-32

кемінде 32

Қосымша көрсеткіштер

1 килограмм (бұдан әрі – кг) топырақтағы гельминттер жұмыртқаларының мөлшері

100-ден астам

100-10

кемінде 10

1 грамм (бұдан әрі – г) топырақтағы патогенді микроорганизмдердің саны

10 6 -дан астам

10 6 -10 5

кемінде 10 5

Коли-титр**

кемінде 0,001

0,01-0,001

0,01-ден астам

Полная версия
ИС BestProfi