Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 тамызда № 23918 болып тіркелді
Редакция 27.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 89-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а.  А. Примкулов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 9 тамыздағы № 317
бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидалары
1. Осы Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 89-бабының 1-тармағына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мен «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен іске асырылатын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін және «Жергілікті атқарушы органдар іске асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметін айқындайды.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар:
Мемлекеттік экологиялық сараптама қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағының 3) - 8) тармақшаларында көрсетілген объектілерге қатысты ұйымдастырады және жүргізеді.
Полная версия
ИС BestProfi