«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 15.01.2024
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 тамызда № 24039 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 27.12.2023 жылғы № 168 Бұйрығына сәйкес
Редакция 16.12.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы К. Ускенбаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығына 1-қосымша
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 28.11.2022 жылғы № 661 Бұйрығына сәйкес (13.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 28.11.2022 жылғы № 661 Бұйрығына сәйкес (13.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген құжаттардың тізбесін жолдайды.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 28.11.2022 жылғы № 661 Бұйрығына сәйкес (13.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Полная версия