Близость слов: Окончание:





2021-2022 оқу жылына Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 454 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 қыркүйекте № 24272 болып тіркелді
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2021 – 2022, 2022 – 2023, 2023 – 2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 253 қаулысының 2-тармағына  сәйкес және 2021-2022 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының 2021 жылғы 13 маусымдағы № 2 хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшағасәйкес 2021-2022 оқу жылына Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), және 2) тармақшаларында көзделеген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін..
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 454
бұйрығына қосымша
2021-2022 оқу жылына Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атаулары

Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын)

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар

1.

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

80

2.

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

170

3.

"Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

100

4.

"Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

50

5.

"Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

30

6.

"Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті" Білім мекемесі

40

7.

"Қарағанды индустриялық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

30

8.

"Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" мекемесі

70

9.

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

180

10.

"М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

110

11.

"М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

40

12.

"Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

50

13.

"Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

20

14.

"Павлодар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

20

15.

"Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15

16.

"Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

80

17.

"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

90

18.

"Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

25

19.

"Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

5

20.

"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

35

21.

"Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15

22.

"Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

10

23.

"А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

35

Барлығы

1300

Тілдік дайындығын күшейту үшін

1.

"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

40

2.

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15

3.

"Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15

4.

"Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15

5.

"Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

5

6.

"М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15

7.

"Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15

8.

"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15

9.

"Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

20

10.

"Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15

11.

"М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15

12.

"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15

Барлығы

200

Шетел азаматтары

1

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

40

2

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті " коммерциялық емес акционерлік қоғамы

10

Барлығы

50

Түрік Республикасының және өзге түркітілдес республикалардың азаматтары

1

"Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" мекемесі

200

Барлығы

200

Полная версия
ИС BestProfi