Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 және «Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1128 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 709 қаулысы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:
мынадай мазмұндағы 218-1) тармақшамен толықтырылсын:
«218-1) арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібін айқындау;»;
«305) шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 323-1) тармақшамен толықтырылсын:
«323-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 159-1) тармақшамен толықтырылсын:
«159-1) арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібін әзірлеу;»;
«269) шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 274-1) тармақшамен толықтырылсын:
«274-1) уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлеу;»;
2) Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 603 Қаулысымен (05.10.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын және 2) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Полная версия