Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 02.02.2024
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 737 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 2 ақпаннан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысына сәйкес
1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
«2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) осы Субсидиялау қағидаларына 9-1-қосымшаға сәйкес қызметін экономиканың ең көп зардап шеккен секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемелері де субсидиялауға жатады.»;
«87-9. Осы Субсидиялау қағидаларына 9 және 9-1-қосымшаларға сәйкес ЭҚЖЖ бойынша экономиканың ең көп зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша банк/лизингтік компания 2021 жылғы 15 қазанға дейін (қоса алғанда) қаржы агенттігіне:
1) кредит/лизингтік мәміле бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін;
2) осы Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнаманың көшірмесін ұсынады.»;
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 9-1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Экономиканың ең көп зардап шеккен, 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 31 тамызға (қоса алғанда) дейінгі кезеңде субсидиялауға жататын секторларының тізбесі»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидалары:
мынадай мазмұндағы 61-1-тармақпен толықтырылсын:
«61-1. Қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылына арналған кепілдік шарттарын жасасады, кейіннен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган/облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігі республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражатын республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер нақтыланғанға дейін бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің 10 %-ынан аспайтын көлемде өтейді.
Бюджетті кезекті нақтылау кезінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның/облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігінің қаражатты кейіннен өтеуі үшін қаржы агенттігі ай сайын, 10-шы күнге дейінгі мерзімде өтелетін соманы көрсете отырып, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органды/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігін жасалған кепілдік шарттары туралы хабардар етеді.
Ағымдағы қаржы жылында республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінген кезде бірінші кезекте бұрын жасалған кепілдік шарттары бойынша өтеу жүзеге асырылады, ал қалған сома жаңа жобаларға бөлінеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес бұрын жасалған кепілдік шарттарын өтеуге бөлінген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, қаржы агенттігі республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден берілген қаражат толық өтелгенге дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұрады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары:
мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
«34-1. Қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылына арналған кепілдік шарттарын жасасады, кейіннен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган/облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігі республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражатын республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер нақтыланғанға дейін бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің 10 %-ынан аспайтын көлемде өтейді.
Бюджетті кезекті нақтылау кезінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның/облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігінің қаражатты кейіннен өтеуі үшін қаржы агенттігі ай сайын, 10-шы күнге дейінгі мерзімде өтелетін соманы көрсете отырып, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органды/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігін жасалған кепілдік шарттары туралы хабардар етеді.
Ағымдағы қаржы жылында республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінген кезде бірінші кезекте бұрын жасалған кепілдік шарттары бойынша өтеу жүзеге асырылады, ал қалған сома жаңа жобаларға бөлінеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес бұрын жасалған кепілдік шарттарын өтеуге бөлінген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, қаржы агенттігі республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден берілген қаражат толық өтелгенге дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұрады».
2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Полная версия