Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.11.2023
«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 744 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 11 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.10.2023 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 16 мамырдағы
№ 519 қаулысымен
бекітілген
1. Осы Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі – кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
2. Кеңестер ғылым бағыттары бойынша құрылған алқалы органдар болып табылады.
3. Кеңестердің жұмысын ұйымдастыратын және кеңестердің мүшелері туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыратын Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы (бұдан әрі – сараптама орталығы) кеңестердің жұмыс органы болып табылады.
4. Кеңестердің құрамы 3 (үш) жыл мерзімге бекітіледі және мүшелерінің саны 9-дан (тоғыз) кем болмайтын және 25 (жиырма бес) адамнан аспайтын тақ саннан құралуға тиіс. Бір адам қатарынан 2 (екі) мерзімнен артық кеңес мүшесі бола алмайды.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы кеңес құрамының кемінде үштен екісінің мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерге рұқсаты болуға тиіс.
5. Кеңестердің құрамдарын уәкілетті орган салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың ұсыныстары мен ұсынымдары бойынша құзыретті қазақстандық және шетелдік ғалымдар, мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатарынан қалыптастырады және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Полная версия
ИС BestProfi