Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 Қаулысы
Осы Қаулысының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2020 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес (03.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы 2023 жылғы 11 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.10.2023 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.09.2022 жылғы № 746 Қаулысына сәйкес (15.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 471-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.06.2013 жылғы № 588 Қаулысымен (01.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1305 Қаулысымен (07.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.08.2016 жылғы № 504 Қаулысымен (04.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.09.2016 жылы № 178 (28907) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағида жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.09.2019 жылғы № 654 Қаулысына сәйкес (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.10.2021 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғылым туралы» және «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі – МҒТС), ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) коммерцияландыру жобаларының сараптамасын ұйымдастыруға және жүргізуге байланысты қатынастарды реттейді.
1) баға негізділігін бағалау бойынша сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, сұралып отырған соманың негізділігін бағалау бойынша қорытынды беретін жеке тұлға (ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың сұралып отырған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін тартылатын сарапшының экономика және бизнес мамандықтарының топтары бойынша жоғары білімі, сондай-ақ мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі болуы қажет);
2) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына кешенді сараптама –экономиканың 3 немесе одан да көп салалары бойынша өтінім ұсынылған жағдайда, ұйымдастырушының әртүрлі экономика салаларындағы мамандар болып табылатын сарапшылар тобын тартуы жолымен жүргізетін сараптама;
4) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасы – зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатындағы ҒҒТҚН практикалық қолдану бағытында жоспарланатын жұмыстың мазмұнын қамтитын құжат;
5) ҒҒТҚН коммерцияландыруға арналған грант – экономиканың басым секторлары шеңберінде ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін бюджет қаражаты және (немесе) бюджеттен тыс қаражат;
6) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізу үшін тартылатын шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі, сарапшы ретінде қатысу көзделетін қызмет саласында шетелдік ғылыми ұйымдарда мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар жеке тұлға;
7) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізу үшін тартылатын қазақстандық сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және сарапшы ретінде қатысуы көзделетін қызмет саласында мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға;
8) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін тартылатын шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар, шетелдік ғылыми ұйымдарда мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі, Web of Science халықаралық деректер базасының алғашқы екі квартиліне кіретін журналдарда соңғы 5 (бес) жылда кемінде төрт ғылыми мақала және (немесе) шолу жариялаған, Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық деректер базаларына сәйкес соңғы 5 (бес) жылда кемінде 5 (бес) Хирш индексі бар жеке тұлға.