Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.09.2024
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы
  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 381-V Заңы
Осы Заң 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР 01.07.2024 жылғы № 103-VIII Заңына сәйкес 
Редакция 01.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға бағытталған ғылыми саланың құрамдас бөлігі ретінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен алынған және кез келген ақпараттық жеткізгіште тіркелген жаңа білім немесе шешімдер, өндіріске ғылыми әзірлемелер мен технологияларды енгізу, сондай-ақ жаңа бұйымдардың, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері;
1-тармақша өзгертілді ҚР 31.03.2021 жылғы № 24-VII Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу (пайдалану) – жаңа өнімді игерудің немесе жаңа технологияны енгізудің ғылыми-өндірістік циклінің қорытынды сатысын іске асыруға бағытталған қызмет;
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру – табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикалық тұрғыда қолдануға байланысты қызмет;
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру орталығы (офисі) – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға, ғылыми ұйымның, жоғары оқу орнының, дербес немесе өзге де білім беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлімшесі;
5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы зияткерлік қызмет нәтижесі (бұдан әрі – зияткерлік қызмет нәтижесі) – өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалардың топологиялары, электрондық есептеу машиналары мен дерекқорға арналған бағдарламалар және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінде алынған зияткерлік қызметтің басқа да нәтижелері;
6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант – экономиканың басым секторлары шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін бюджет және (немесе) бюджеттен тыс қаражат;
7) сервистік компания – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қажетті консалтингтік, инжинирингтік, сертификаттау, патенттік және басқа да көрсетілетін қызметтерді көрсететін заңды тұлға;
8) стартап-компания – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын және төменде келтірілген талаптардың біріне сәйкес келетін:
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 04.07.2018 жылғы № 174-VІ Заңына сәйкес (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың қатысуымен құрылған;
инновацияларды әзірлейтін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заңда реттелген, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражатынан жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулер шеңберінде алынған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бөлігіндегі құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейтін заңнамасы қолданылмайды.
3. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне технологияларды коммерцияландыруға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
3-тармақ өзгертілді ҚР 27.12.2021 жылғы № 87-VII Заңымен (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi