Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.02.2024
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 736 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 2 ақпаннан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысына сәйкес 
Редакция 02.02.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.02.2022 жылғы № 43 Қаулысымен (13.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)
2) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
«1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары/тікелей инвестициялар қорларының мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды.
2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/тікелей инвестициялар қорлары берген кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша;
Бағдарлама шеңберінде «жасыл» жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер/даму банкі берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша;
«Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – Тетік) шеңберінде екінші деңгейдегі банктер берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша жүзеге асырылады.
3. Субсидиялау кредиттер/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдер және (немесе) қарыздар, оның ішінде «жасыл» жобаларды іске асыру үшін берілген кредиттер бойынша сыйақы ретінде кәсіпкерлер төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.»;
«5) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның/тікелей инвестициялар қорының қаржы агенттігімен келісілген уәкілетті банкі және лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;»;
«10) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы (бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредиттер/лизингтік мәмілелер/қарыздар және бірнеше рет мезониндік қаржыландыру алуға болады);»;
мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:
Полная версия
ИС BestProfi