Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.09.2023
«Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 767 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2023 жылғы 22 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 04.09.2023 жылғы № 765 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы»;
«1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер;»;
«Қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Полная версия
ИС BestProfi