Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 12-1) және 13-2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерді айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 765 қаулысы
1. Мыналар:
2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына 1-қосымша
Қандастарды қоныстандыруға арналған өңірлер
1. Ақмола облысы.
2. Атырау облысы.
3. Шығыс Қазақстан облысы.
4. Батыс Қазақстан облысы.
5. Қостанай облысы.
6. Павлодар облысы.
7. Солтүстік Қазақстан облысы.
8. Абай облысы.
_______________________________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына 2-қосымша
Қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлер
1. Шығыс Қазақстан облысы.
2. Қостанай облысы.
3. Павлодар облысы.
4. Солтүстік Қазақстан облысы.
5. Қарағанды облысы.
6. Ақмола облысы.
7. Абай облысы.
8. Ұлытау облысы.
_______________________________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 875 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың1-тармағы.
3. «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 767 қаулысы.
4. «Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 26 қаулысы.
__________________________________________________
Полная версия