Близость слов: Окончание:





«Елім менің» XVII Республикалық патриоттық әндер онлайн-конкурсын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет Комитетінің 2021 жылғы 27 қазанындағы №12 бұйрығы
  «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9) және 12) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереженің 16-тармағы екінші бөлігінің 13) және 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 болып тіркелген) бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидаларының 6-тармағына сәйкес, сондай-ақ, 2021 жылғы 25 ақпандағы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының хаттамасымен бекітілген Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарының 76-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Елім менің» XVII Республикалық патриоттық әндер онлайн-конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған Конкурсты өткізу қағидалары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Конкурсты жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуді қамтамасыз етсін.  
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
Мәдениет комитеті төрағасының
2021 жылғы 27 қазандағы
№ 12 бұйрығымен
бекітілген
  «Елім менің» XVIІ Республикалық патриоттық әндер онлайн-конкурсын өткізу қағидалары
Осы «Елім менің» XVІI Республикалық патриоттық әндер онлайн-конкурсын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ереженің 16-тармағы екінші бөлігінің 13) және 14) тармақшаларына, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2021 жылғы 25 ақпандағы хаттамасымен бекітілген Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарының 76-тармағына сәйкес әзірленді. 
Конкурсты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – Комитет) өткізеді.
2020 жылы эпидемиялық жағдайға байланысты конкурстың өтпей қалу себебінен 2020 жылы Конкурсқа қатысу үшін түскен барлық өтінімдерді қазылар алқасы ағымдағы жылы түскен өтінімдермен тең деңгейде қарайды. 
2-тарау. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
Абай Құнанбайұлының және Жамбыл Жабаевтың құнды мол мұрасын көпшілікке насихаттау;
заман талабына сай жаңа музыкалық шығармалардың жазылуына жол ашу;
Полная версия
ИС BestProfi