Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 773 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 31 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 79-4-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (28.10.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 79-4-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
1) арнаулы комиссия – дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге қатысты мәселелерді қарау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жанындағы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіптік одақтардың өкілдері қатарынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
2) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді, атап айтқанда:
3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлға (филиал мен өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
4) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;