Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2024
"Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысы
 Осы Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 22.09.2023 жылғы № 828 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.12.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 85-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы (бұдан әрі – ұлттық жоба) бекітілсін.
2. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге ұйымдар (келісу бойынша):
1) ұлттық жобаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұлттық жобаның іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық жобаның жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен көзделген іс-шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2021 жылғы 12 
қазандағы № 727 
қаулысымен бекітілген
"Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы
Жоба өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.11.2021 жылғы № 853 Қаулысымен (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Жоба өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2021 жылғы № 982 Қаулысымен (30.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)

1. Атауы

"Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы

2.Ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты

Қазақстаның цифрлық трансформация есебінен тиімді мемлекеттік басқаруы бар, сенімді деректер негізінде шешім қабылдайтын, сондай-ақ цифрлық дәуірде инфрақұрылымды тиімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның қосатын үлесін арттыратын заманға сай елге айналуы

3. Іске асыру мерзімі

2021 – 2025 жылдар

4. Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушыларға пайдасы




 

Күтілетін экономикалық тиімділік (сапалық және сандық мәнде)

Криптоиндустриядан жыл сайын 79 млрд теңге салық;

АКТ саласындағы ЖІӨ үлесін 5%-ға дейін ұлғайту;

ҒТҚН коммерцияландыру жобаларын және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жеке қоса қаржыландыру үлесі – 50 %

Күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және сандық мәнде)

Мемлекеттік қызметтер смартфонда 5 минут ішінде көрсетіледі;

Кепілдендірілген жылдамдықтағы интернет (қалалар – 10мб/сек, ауылдар – 5 мб/сек);

100 000 жаңа жұмыс орнын құру;

Ғалымдар мен зерттеушілер санын 34 мың адамға дейін ұлғайту.

5. Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі

2 255 900 313 мың теңге

6. Ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

7. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, «Астана» халықаралық қаржы орталығы» әкімшілігі» АҚ, «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ, «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақтелеком» АҚ, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Қазсушар» РМК, «Транстелеком» АҚ.

8. Ұлттық жобаның жетекшісі және кураторы

Жетекшісі – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б. Мусин.

Кураторы – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Мамин.

1.1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарымен өзара байланыс

Р/с

Атауы

2050 стратегиясы

Ұлттық даму жоспары

(жалпыұлттық басымдықтар мен міндеттер, стратегиялық көрсеткіштер)

Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы (бағыт / НИ)

Елдің аумақтық даму жоспары

Саланы, аяны дамыту тұжырымдамалары (болған жағдайда)

1

2

3

4

5

6

7




 

"Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жорбасы

3. Алда жарияланған қағидаттарға сәйкес халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеті тұр.

4. Мемлекеттік аппарат бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылдың жаңа жүйесін құруы тиіс.

1-жалпыұлттық басымдық. Әділ әлеуметтік саясат

Әлеуметтік қызметтер көрсетудің өтініш беру нысанынан – өмірлік қиын жағдайда адамдарды көрсетілетін қызметтермен қамтуды кеңейту үшін анықтау нысанына

2-міндет. Әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету

2-жалпыұлттық басымдық. Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі

Қалалық және ауылдық елді мекендер арасындағы медициналық қызмет көрсету сапасындағы теңсіздіктен – барлық жерде сапалы медициналық қызмет көрсетуге.

4-міндет. Денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық кеңістігін құру

3-жалпыұлттық басымдық. Сапалы білім

Білім беру сапасындағы алшақтықтардан –

сапалы білім алуға қолжетімділікті теңестіруге

2-міндет. Оқыту үшін қолайлы жағдайлар мен орта жасау

5-міндет. Цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту

6-міндет. Қазақстандық ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін ұлғайту

4-жалпыұлттық басымдық. Азаматтардың мүдделерін қорғайтын әділ және тиімді мемлекет

Полиция жұмысының күштік моделінен – қауіпсіз және құқықтық қоғам құру үшін құқық қорғау органдарының азаматтармен өзара іс-қимылының сервистік моделіне

1-міндет. Сот жүйесіне және сот төрелігінің сапасына деген сенімді арттыру

5-жалпыұлттық басымдық. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі

Іс-әрекеттерді орындау процесінің күрделілігінен – мемлекеттік басқару тиімділігіне интеграцияланған тәсіл және қоғам мен бизнестің нақты сұраныстарын өлшеу негізінде нәтижелер мен сапалы өзгерістерді басқаруға;

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы формалды тәсілден – азаматтардың сұраулары мен болашақ үміттері негізінде проактивті қызмет көрсетуге.

1-міндет. Мемлекеттік басқару тиімділігіне интеграцияланған тәсіл

2-міндет. Мемлекеттік басқарудың сервистік және "адам-орталық" моделін қалыптастыру

3-міндет. Ашық үкімет

4-міндет. Нәтижеге және азаматтардың мүдделеріне бағдарлануды арттыру

8-жалпыұлттық басымдық. Әртараптандырылған және инновациялық экономика құру

Жоғары әкімшілік бақылаудан – кәсіпкерлік қызметті оңайлатуға және заңды түрде жүргізуге.

4-міндет. Салауатты бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету

5-міндет. Жаңа жағдайларға бейімдеу үшін агроөнеркәсіптік секторды реформалау

10-міндет. Инфрақұрылымды дамыту және экономиканың базалық салаларын цифрландыру

11-міндет. Технологиялық даму есебінен экономиканы әртараптандыру

12-міндет. Жасанды интеллект элементтерін енгізу және Big Data технологиясын кеңінен пайдалану

13-міндет. Венчурлік қаржыландыруды дамыту

16-міндет. Бәсекеге қабілетті және тиімді қаржы нарығы

10-жалпыұлттық басымдық. Теңгерімді аумақтық даму

6-міндет. "Smart City" ("Ақылды қала") тұжырымдамасын іске асыру.




 




 

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және цифрлық саланы дамыту тұжырымдамасы

4.1 Болашақ қоғамы

4.1.1 Әділ әлеуметтік саясат

4.1.2 Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі

4.1.3 Сапалы білім беру

4.1.4 Азаматтардың мүдделерін қорғауда әділ және тиімді мемлекет

4.2 Цифрландыру арқылы экономикалық бәсекелестікті дамыту

4.2.1 Инновациялық бизнес-модельдерді дамыту үшін реттеушілік талаптарды жетілдіру және цифрлық инфрақұрылым ұсыну

4.2.2 Жергілікті компаниялардың қатысуын күшейту жолымен бәсекелес ортаны қамтамасыз ету және саланы дамыту

4.2.3 Цифрлық индустрияны дамыту және кәсіпкерлік қызметті ілгерілету

4.2.4 Цифрлық құралдарға қол жеткізуді қамтамасыз ету, оларды қолдануды және әртүрлі салалардағы компаниялардың тиімді пайдалануын ынталандыру

4.3 Цифрлық басқару

4.4 Инфрақұрылым

4.6 Теңгерімді аумақтық даму

2. Міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері  

Р/с

Міндеттер, нәтиже көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Өткен жылғы факт

Ағымдағы жылға бағалау

Нәтиже көрсеткіштері (жоспар), жылдар бойынша


 


 


 


 

2021

2022

2023

2024

2025


 


 


 


 


 


 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Стратегиялық көрсеткіштер: 2025 жылға қарай IMD цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 33 (68,9) орын, Дүниежүзілік экономикалық форумның "Инновациялық әлеует" жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 2025 жылға қарай 70-орын, "Ақпарат және байланыс" саласында "еңбек өнімділігінің өсуі" 2025 жылға қарай 2019 жылғы деңгейден 34,4 %-ға дейін, "Ақпарат және байланыс" саласында "негізгі капиталға инвестициялар" 2025 жылға қарай 2019 жылғы деңгейден 137,9 %-ға артады

I бағыт. Қызметтерді 5 минут ішінде көрсету

1-міндет. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдерін трансформациялау

1

Цифрланған өмірлік жағдайлардың үлесі

%

ЦДИАӨМ ведомстволық деректері

0




 

-

30

50

70

80

2

Проактивті өмірлік жағдайлардың үлесі

%

ЦДИАӨМ ведомстволық деректері

0




 

-

15

25

40

50

2-міндет. Барлық мемлекеттік қызметтердің смартфондағы қолжетімділігін қамтамасыз ету

3

Смартфондағы қолжетімді мемлекеттік қызметтердің үлесі

%

ЦДИАӨМ-нің ведомстволық деректері

7




 

70

80

90

100

-

3-міндет. ХҚКО-ны жаңғырту және дамыту

4

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызмет көрсету сапасына қанағаттану үлесі

%

ЦДИАӨМ ведомстволық деректері

80




 

83

84

84

85

85

Полная версия
ИС BestProfi