БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 14.06.2025
«Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қарашада № 25032 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 14 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 29.05.2025 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес
1. «Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10322 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін болжау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі А. Иргалиев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 98 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген
Бюджет түсімдерін болжау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджет түсімдерін болжау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 65-бабына сәйкес әзірленді.
2. Жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжау «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Полная версия

