Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.07.2025
«Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-3/297 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 459 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 қарашада № 25136 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 9 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 30.06.2025 ж. № 162-НҚ Бұйрығына сәйкес 
«Қазақстан Республикасының Су кодексіне ауыз сумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдар арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №19-3/297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11332 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінің тізбесін бекіту туралы»;
«1. Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2021 жылғы 11 қарашадағы № 459
Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№19-3/297 бұйрығымен
бекітілген
Полная версия
ИС BestProfi