«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 278-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 854 қаулысы
Редакция 31.12.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісу бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 189 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 9-тармағы.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 854 қаулысымен бекітілген
Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2021 жылғы № 982 Қаулысымен (30.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Р/с № |
Ұлттық компанияның атауы |
Қызмет түрі |
1. |
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы |
мұнай және газ ресурстарын, өндіру процесін сумен қамтамасыз үшін жерасты суларын барлау және өндіру |
2. |
«QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы |
газ және газ конденсаты кен орындарындағы газ ресурстарын, өндіру процесін сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын барлау және өндіру |
3. |
«Taу-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы |
уранды және оның қосылыстарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, көмір бассейндері газын, өндіру процесін сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын барлау және өндіру |
4. |
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы |
уранды, оның қосылыстарын, сирек кездесетін металдарды, өндіру процесін сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын барлау және өндіру |
5. |
«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы |
пайдалы қазбалар кен орындарын іздестіруді және бағалауды қоса алғанда, жер қойнауын геологиялық зерттеу, мұнай мен газды, уранды және оның қосылыстарын, көмір бассейндері газын қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар мен жерасты суларын барлау |
Ескертпе: осы жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату мемлекеттің басым құқығын іске асыру, ұлттық компанияның үлестік қатысуын көздейтін келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру, тікелей келіссөздер негізінде конкурс өткізбей жер қойнауын пайдалану құқығын алуға құқығы бар ұлттық компанияны айқындау, құзыретті орган келісімшарт қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайларда келісімшарт аумағын сенімгерлік басқаруға қабылдау кезінде қолданылады.
Ескертпе өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2021 жылғы № 982 Қаулысымен (30.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнама шеңберінде көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның өкілеттіктерін іске асыру кезінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасында қызметтің аражігін ажырату тиісті келісім жасасу арқылы жүзеге асырылады.