Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2021
Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 189 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.11.2021 жылғы № 854 Қаулысына сәйкес  
Редакция 30.12.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Peспубликасының Премьер-Mинистрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
 № 189 қаулысымен
 бекітілген
Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату
Осы Ажырату өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.12.2018 жылғы № 818 Қаулысымен (03.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Р/с №

Ұлттық компанияның атауы

Қызмет түрі

1

2

3

1.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

мұнай және газ ресурстарын, өндіру процесін сумен қамтамасыз үшін жерасты суларын барлау және өндіру

2.

«Taу-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы

уранды және оның қосылыстарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, көмір бассейндері газын, өндіру процесін сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын барлау және өндіру

3.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы

уранды, оның қосылыстарын, сирек кездесетін металдарды, өндіру процесін сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын барлау және өндіру

4.

«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы

мұнай мен газды, уран мен оның қосылыстарын, көмір бассейндері газын қоспағанда, жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбалар кен орындарын іздестіруді және бағалауды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар мен жерасты суларын барлау

5.

Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

 

Ескертпе: осы жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату мемлекеттің басым құқығын іске асырған, ұлттық компанияның келісімшарттарға үлестік қатысуын көздейтін келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдірген, тікелей келіссөздер негізінде конкурстар өткізбестен жер қойнауын пайдалану құқығын алуға құқығы бар ұлттық компанияларды айқындаған, сондай-ақ құзыретті орган келісімшарт қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда келісімшарт аумағын сенімгерлік басқаруға қабылдаған кезде қолданылады.
Полная версия
ИС BestProfi