Близость слов: Окончание:





Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 373 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 қыркүйекте № 24430 болып тіркелд
Редакция 10.06.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 340-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің  Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи
ресурстар министрі
2021 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 373 бұйрығымен
бекітілген
Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 22.05.2025 жылғы № 135 Бұйрығына сәйкес (14.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 340-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес әзірленді және:
сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті емес қалдықтарды;
сот шешімімен мемлекеттік меншікке (республикалық немесе коммуналдық) түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi