Близость слов: Окончание:





Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 373 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 қыркүйекте № 24430 болып тіркелд
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 340-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің  Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи
ресурстар министрі
2021 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 373 бұйрығымен
бекітілген
Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1. Осы Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 340-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен республикалық немесе коммуналдық меншiкке түстi деп танылған иесiз қалдықтарды, оның ішінде иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртiбiн айқындайды.
2. Иесіз қауіпті қалдықтар сот шешімі бойынша республикалық және коммуналдық меншікке түседі.
3. Иесіз қауіпті қалдықтарды республикалық меншікке беру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның иесіз қауіпті қалдықтарды республикалық меншікке қабылдауға келісімі болған кезде сот шешімімен жүзеге асырылады.
Кодекстің 340-бабының 3-тармағына сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы өз аумағында иесіз қалдықтарды, оның ішінде иесіз қауіпті қалдықтарды анықтайды және осындай қалдықтардың болуы туралы хабарды алған кезден бастап алты ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді және осындай қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді.
Полная версия
ИС BestProfi