«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 180-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 853 қаулысы
Редакция 01.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының атауы «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып өзгертілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 853 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiнде:
реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
20 |
«ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» АҚ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде есепте. |
».
2. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
реттік нөмірі 55-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«55. «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» АҚ акциялар пакетінің 100 %».
3. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
реттік нөмірі 45-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«45. «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.».
4. «Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 914 қаулысында:
«1. «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалсын.».
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.11.2023 жылғы № 1055 Қаулысымен (30.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)
6. «Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 797 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
7. «Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 337 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында:
реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
17. |
Мақат – Солтүстік Кавказ газ құбырының Лупинг жобасының құрылысы |
пайдалануға беру актісі |
ЭМ, «ҚТГ» ҰК» АҚ (келісу бойынша) |
2022 |
32 474,0 |
ЖИ |
2023 |
67 291,0 |
»;
реттік нөмірлері 136 және 137-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
136. |
Атырау қаласында Фин АГТС-ін салу |
пайдалануға беру актісі |
ЭМ, «ҚТГ» ҰК» АҚ (келісу бойынша), әкімдік |
2022 |
1 035,0 |
РБ |
2023 |
1 035,0 |
|||||
2022 |
115,0 |
ЖБ |
||||
2023 |
115,0 |
|||||
137. |
Салынып жатқан Фин АГТС-іне дейін жоғары қысымды газ тарту құбырын салу |
пайдалануға беру актісі |
ЭМ, «ҚТГ» ҰК» АҚ (келісу бойынша), әкімдік |
2022 |
1 350,0 |
РБ |
2023 |
1 350,0 |
|||||
2022 |
150,0 |
ЖБ |
||||
2023 |
150,0 |
»;
«Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы» деген бөлікте:
отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚТГ» ҰК» АҚ – «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы».
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 22.09.2023 жылғы № 828 Қаулысымен (30.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 797 қаулысымен бекітілген
Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Аяқтау нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Орындау мерзімі |
Болжамды шығыстар |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. |
Отандық зауыттарда мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустарды шығаруды ынталандыру мақсатында автобус тасымалын дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаны және табиғи газ отынын құю инфрақұрылымының құрылысын қаржыландыру мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу |
ИИДМ-ге ұсыныс |
ЭМ, ҰЭМ, Қаржымині, екінші деңгейдегі банктер (келісу бойынша), «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
2019 жылғы ақпан |
талап етілмейді |
- |
2. |
Осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустар мен арнайы автомобильдерді жаңарту бойынша нысаналы көрсеткіштерді орындау |
мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустарды және арнайы автомобильдерді қабылдау-беру актілері |
ИИДМ (жинақтау), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, әкімдіктері |
жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар |
талап етілмейді |
- |
3. |
Осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде автокөлік құралдары үшін мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ға деген қажеттіліктің нысаналы көрсеткіштерін орындау |
Қазақстан Республикасының өңірлері бөлінісінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-мен қамтамасыз ету көлемі |
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (келісу бойынша), «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ (келісу бойынша) |
жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар |
талап етілмейді |
- |
4. |
Осы Жоспарға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде АГТКС және (немесе) КриоАЖҚС-ті салу бойынша нысаналы көрсеткіштерді орындау |
АГТКС және (немесе) КриоАЖҚС-ті пайдалануға беру актілері |
«ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ (келісу бойынша) «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС (келісу бойынша) |
жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар |
46 млрд теңге |
жеке инвестициялар, қарыз қаражаты |
5. |
Мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобус маршруттарын бөлуді ескере отырып, сондай-ақ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Ташкент-Қорғас» халықаралық көлік дәліздерінде АГТКС және (немесе) КриоАЖҚС-ті салу үшін жер учаскелерін бөлу |
жергілікті атқарушы органдардың қаулылары |
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар |
талап етілмейді |
- |
6. |
Республикаішілік жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарттарында мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустарды жаңарту бойынша талаптарды белгілеу |
республикаішілік жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарттары |
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар |
талап етілмейді |
- |
7. |
Мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автокөлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттаманы сәйкестендіру және (немесе) әзірлеу, АГТКС, КриоАЖҚС, көпотынды жанармай құю станцияларын, СТГ шығаратын зауыттарды жобалау, салу және пайдалану |
ҚР ҚН, МемСТ, ҚР СТ |
ИИДМ, «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ (келісу бойынша) |
жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар |
талап етілмейді |
- |
8. |
Мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автокөлік құралдарын сатып алу және (немесе) қайта жабдықтауға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарды және халықты ынталандыру үшін жеңілдікті кредит беру мәселесін және басқа да қаржылық, әкімшілік тетіктерді пысықтау |
ИИДМ-ге ұсыныс |
ЭМ, ҰЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
2019 жылғы наурыз |
талап етілмейді |
- |
9. |
Отандық дайындаушы зауыттарға автокөлік құралдарын шығаруға мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен және авторландырылған дилерлік орталықтардың Қазақстан Республикасына дайындаушы зауыттар шығарған қосотынды (бензин/сығылған ТГ, ДО/сығылған ТГ) автокөлік құралдарын әкелуін ынталандыру үшін қолайлы жағдай жасау арқылы сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны мотор отыны ретінде пайдаланатын жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың санын ұлғайту |
ИИДМ-ге ұсыныс |
ЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
2019 жылғы наурыз |
талап етілмейді |
- |
10. |
Сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны локомотивтік техникаларда қолдану бойынша пилоттық жобаны іске қосу мәселесін пысықтау |
ИИДМ-ге ұсыныс |
«ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ (келісу бойынша), «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (келісу бойынша) |
2020 жыл |
талап етілмейді |
- |
11. |
Ведомстволық/қызметтік автокөлік құралдарына, мемлекеттік органдардың арнайы көліктеріне сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны ендіру жөніндегі мәселені пысықтау |
ИИДМ-ге ұсыныс |
ЭМ, ІІМ, Қорғанысмині, АШМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
2019 жылғы мамыр |
талап етілмейді |
- |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АГТКС – автогаз толтыру компрессорлық станциясы;
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ДО – дизель отыны;
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
КриоАЖҚС – сұйытылған табиғи газ криогенді жанармай құю станциясы;
Қаржымині– Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
«ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ – «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
ҚР ҚН – Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары;
ҚР СТ – Қазақстан Республикасының стандарты;
МемСТ – мемлекеттік стандарт;
СТГ – сұйытылған табиғи газ;
ТГ – табиғи газ;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.